Жасай бер мәңгі, ҚазҰУ-ым!

Жасай бер мәңгі, ҚазҰУ-ым!
жеке
блог

  Жасай бер, мәңгі ҚазҰУ-ым!

        1934 жылы еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы,  ең алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. Биыл,  2019 жылы біз үшін айтулы жылдардың бірі саналып отыр. Себебі, осы жылы біз өзіміздің 85 жылдық мерей тойымызды атап өткелі жатырмыз. Бүгінгі таңда университетте 30000-ға жуық студенттер білім нәрін алуда.  Қазір Университетіміз Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар орта Азияда алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті биыл QS рейтингі бойынша 220 орынға жоғарылады. Университеттің білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай, яғни білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі бар, «бакалавр- магистратура- PhD» түрінде үш сатылы мамандарды дайындау қамтамасыз етілген.
        Мен Бейбітбекова Аружан Ердосқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унверситетінде Филология және әлем тілдері факультетінің Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатырмын.  Бала кезден арман етіп, сол арманға жету жолында талмай еңбек етіп, көп оқып, қолдан келгенше барлық мүмкіндікті жасап енді міне, Шүкір соның жемісін көріп жатырмын. Дәл қазіргі таңда талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да білім алу бақыты маған да бұйырыпты. Расымен ақ, барлығына арман боларлық әсем Алматы қаласы және қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекен мені өзіне жаулап  алды. Өз біліктіліктері мен білімдеріне сенетін, дарынды, талантты жастардың ортасы мені ең алғаш келген күні-ақ өзіне баурап алды.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бүгінгі таңда 15 факультет бойынша студенттерді дайындайды. Екі жарым мыңнан астам профессор-оқытушылар студенттерге білім беруде. Университетімізде әрбір студенттерге барлық жағдай қарастырылған. Университетте ТМД бойынша өте ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, 1600 көрерменге арналған Ө.Жолдасбеков атындағы зәулім студенттер сарайы, спорт кешені, технопарк, медициналық орталық, 18 студенттер үйі, Студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Студенттердің жауапкершілік, көшбасшылық, білімділік, ұйымдастырушылық, біліктілік қасиеттерін дамытуға арналған жастар ұйымдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, әр жыл сайын студенттердің озық ойлары мен тәжірибесін жинақтау мақсатында «Фараби оқулары» атты конференция өткізіледі. Сондай-ақ, мен осы конференция қатысып,  ҚазҰУ-дың 85 жылдығы қарсаңында, «ҚазҰУ-дағы 85 атау» деген ғылыми жұмысымды көпшілікке таныстыратын боламын. Онда ҚазҰУ-дағы 200-ге жуық жалқы есімдерді жинақтап, соның ішінде 85 үйірмелер атауына талдау жұмысын жүргізіп шықтым.

ҚазҰУ- дарынды, білімді, білікті, ізденпаз студенттердің басын біріктіріп отырған киелі шаңырақ. Сыйластық пен шынайы достыққа, ыстық сезімдер мен құрметтерге,  ұмытылмастай кештер мен сәттерге толы , тұлғаның толық тұлға болып қалыптасу жолында тәрбиемен білімді қатар беретін, студенттік жылдарын есте қаларлықтай қылып өткізуіне мүмкіндіктер беретін мүмкіндікке толы құтты оқу орны. Мен ҚазҰУ- өткізген әрбір сәтімді, менің осы бір кем дүниедегі ең бір бақытты кездерім деп бағалаймын. Әрбір білім алып жатқан студентке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті болу – асқақ арман, зор мәртебе және үлкен бақыт.

      Еліміздің қара шаңырағы ұлттық университетіміз жалынды жастар үшін қызмет етуге әр кез дайын.

          

 

Фатима Қозыбақова,

Тарих ғылымдарының кандидаты,

 профессор, жетекші

Аружан Бейбітбекова,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің студенті