Жасандылық-жан сұлулығы емес...

Адам баласы өмірге келген сәттен бастап өзіндік жүріс-тұрысы,мінез-құлқы,дене бітімі  қалыптасады.Алла тағала әрқайсымызға өзінше әдемілік әрі өзгешелік берген.Бірақ соны түсінетін адамдар да азайып, шүкірлік етудің орнына күпсініп жатады.Қазіргі таңда өзінің бет-әлпетіне,сырт-келбетіне көңілі толмай, түрлі пластикалық оталарға жүгініп өзгертуге тырысып жататын жастар қоғамда дендеп барады.Бет-әлпетті өзгерту ата-баба салтында жоқ нәрсе.Ол Жаратушыға қарсы шығумен пара-пар үлкен күнә.Бұл үрдісті алып келген адам ба?заман ба?Ертеден белгілі Оңтүстік Корея еліндегі жастардың пластикалық отаға деген оң көзқарасы.Мейлі, оларда бұл сәнге айналған үрдіс.Ал бізге ше?Қазақ деген текті халықтың ұрпағымыз қанымыз таза рухымыз биік.Қызымыз да ұлымыз да ақылына көркі сай.Ал осындай жасандылық бізге не үшін керек?Сол жасандылық жан сұлулығы бола ала ма?Өмір бақи жас әдемі болып жүрмейтініңізді,күндердің бір күні қартайатыныңызды,балалы-шағалы боларыңызды,сонда балаларыңыздың кімге ұқсарын ойланып көріңізші.Жасанды түріңізге ме әлде табиғи әлпетіңізге жақын бола ма?Әрине табиғи келбет бәрібір шығары анық.Қолда барда алтынның қадірі жоқ  деген қанатты сөздің өзі осыған арналағандай.

Сонымен қатар пластикалық отаның зардаптары  да жеткілікті.Денеге түскен пышақ , түрлі химикаттар адамды түрлі ауруларға шалдықтырады.Сөйтіп жүз жасауға қауқарыңыз бар денсаулығыңызды бір-ақ сәтте құртып алуыңыз ғажап емес.Пластикалық отаның тағы бір құдіреттілігі бір ота жасатқан адам бірнеше рет тағы да басқа жерлеріне жасатады.Себебі бір өзгертілген дене екіншісіне сәйкес келмей екіншісін,үшіншісіне сәйкес келмей үшіншісін, сөйтіп барған сайын үдеп қалай барлық жерге жасатқанынды да байқамай қалады.Міне,сондықтан да артығын қалаймын деп қолымыздағы барымыздан айырылып қалмауға тырысайық.Қашанда Алланың бұйрығына қарсы шықпай,шүкірлік айтып барға қанағат қылғанымыз абзалырақ.



Бөлісу: