Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмеге барды.
Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған роботты техника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ Kaspi.kz, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді. Роботты техника аймағында Мемлекет басшысы көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған роботты техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.
Жасанды интеллект біртіндеп барлық салаларда қолданыла бастағанын көрсетеді. Салаларды цифрландыруды нығайтып, оның мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді екенін айқындауда. Жасанды интеллект Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтағанын Бұқаралық ақпараттар құралдары жазуда. Өзіміз білетіндей, ұялы байланыс операторлары, ірі компаниялардың бірыңғай Call орталықтары, Республикалық деңгейді ауруханалар мен оқу орындарының байланыс ақпараттарында телефон қоңырауына жауапты жасанды инлеллект қыздар жауап беретін. Жақында, Түркістан телеарнасында «жасанды интеллект» бағдарлама жүргізе бастады. Күншуақ Табиғатқызы есміді жасанды әзірге ауа райын жүргізіп келеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін «AiGov» чат-боты жобасы да Мемлекет басшысына таныстырылды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды. Мұнай мен газ саласында, логистика, ауыл шаруашылығы мен білім саласында IT индустриясының кәсіби мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Сол себепті, жас мамандар Кремний алқабына тәжірибе алмасуға жіберілуде. Кремний – бұл Сан-Франциско шығанағының оңтүстігінде орналасқан, штаб-пәтері, соның ішінде Apple, Alphabet Inc компаниясының Google, Facebook және Netflix сияқты көптеген компаниялары бастау алған және орналасқан алқап.
"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. [1] Жасанды интеллект өзкезегінде 3 – ке бөлінеді. Себебі: олар әртүрлімақсаттарға орай пайдаланылады, сол үшін бөліпқарастырылады. Олар: жасанды тар түрдегіинтеллект (ANI); жасанды жалпы түрдегіинтеллект ( AGI); жасанды супер интеллект (ASI).
Тар түрдегі интеллект дегеніміз ең кең таралғанинтеллект түрі. Бұл жасанды интеллекттің түрі бірсауалға ғана жауап беріп, белгілі бір мақсаттағығана жұмысты атқарумен шектеледі. Аты айтып тұрғандай, оның мүмкіндігі аз ғана болып саналады. Ал, жалпы түрдегі интеллект дегеніміз әр алуан бағыттағы қызметтерді атқара алатын, әртүрлі саланы қамтитын жасанды интелекттің маңызды түрі. Мысалы: суреттерді өңдеу, әртүрліесептерді шығару, белгілі бір ақпараттарды жөңдеусынды қызметтерді жатқыза аламыз.
Супер интеллект дегеніміз бұл ғылыми фантастика десек, артық айтпаймыз. Адам қолынан келетінбарлық мүмкіндіктерді атқара алатын, шексізқабілеті бар интеллект болып саналады. Оныңқатарына, шешімді қабылдау, өнер туындыларынжақсарту, эмоционалды қарым – қатынас кұру, маңызды міндеттерді атқару жатады.
Оның мүмкіншіліктерін қазірдің өзінде күнделікті өмірімізге пайдаланып келеміз. Айталық, ұялы телефондағы карталар, автобустың жол жүру бағытын, қайда келе жатқанын білесіз. Алматы көшелерінде іздеген ғимаратыңызды адаспай табу үшін 2gis картасын қоссаңыз келе жатқан жолыңыз туралы барлық нұсқаулықты айтып отырады. Тіпті, жолңыздың ашықтығын, кептелісіне дейін айтып отырады. Жасанды интеллект әрбір саланың және әрбір адамның болашағына әсер ететін негізгі күш болып табылатынын әр саладағы нақты дәлеледер арқылы айта аламыз.