Жас зияткер
жеке
блог
блог
- Сәлем, Айдана, мектебіміздің ең үздік оқушыларының бірі болғандықтан сенен сұхбат алғым келді.
- Сәлем, осы сұхбат арқылы мен мектеп қабырғасында оқып жатқан оқушыларға мотивация сыйлай аламын деген үміттемін.
- Ал, енді өзін жайлы айтып кетсең.
- Мен – Утилиева Айдана, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысымын. Бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған едім. Тіпті, қазір де ғылыми жобаларға қатысудамын.
- Тамаша! Енді сұрақтарға кезек берейік. Ғылыми сайыстарға қатысуға не түрткі болды?
- Біріншіден, бұл ұстаздарымның қолдауы. Олардың арқасында мен ғылыми жоба жұмыстарды жазуды бастадым. Сонымен бірге ғылыми сайыстарға белсенді түрде қатысуға өзімнің жаңа білімге деген ынтам ықпал етті деп ойлаймын.
- Ғылыми жобаларға қатысқанда қандай қиындықтар туындайды?
- Ғылыми жоба жұмыстарын жазу - көп уақытты қажет ететін үрдіс, сондықтан кейде ғылыми жоба жазуды оқу мен қосымша сабақтармен біріктіру оңай емес.
- Сенің үлгі тұтатын тәлімгерің?
- Менің бір ғана үлгі тұтантын тәлімгерім жоқ, себебі мен әрбір ғылыми жетекшімнен жақсы жағынан үлгі алуға тырысамын. Олардың әрқайсысы маған құнды білім мен тәжірбие сыйлайды, сондықтан әр жетекшімнен тек білім нәрін ғана емес, тәрбиелік мән алуға тырысамын.
- Жобаларға қатысып жүрген, өзің сияқты жастарға қандай кеңестер бересің?
- Ең алдымен, ғылыми жобаларға қатысуда таңдаған тақырыбыңа шын қызығушылық танытуың жөн. Сонда ғана жобаң өзекті әрі пайдалы болады. Оған қоса, ғылыми жоба жазуда ыждағатты, тапқыр әрі ынталы болуың маңызды.
- Қандай тақырыптарда ғылыми жобалар жаздың?
- Мен ғылыми жобаларды әртүрлі пәндерден жазып үлгердім: лингвистика, этномәдениет, математика. Атап айтқанда, “Виртуалды қарым-қатынас етістіктерінің шығу тарихы”, “Баянғали Әлімжанов шығармаларының идеялық мазмұнын ашудағы антитезаның рөлі”, “Ы. Алтынсарин шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданылуы”, “Ойындар теориясы және оның қолданылуы” және тағы да басқалары.
- Алдағы уақытта ғылыми сайыстарда қандай тақырыпты көтергін келеді?
- Алдағы уақытта ғылыми сайыстарда экологиялық мәселелерді шешудегі ақпараттық технологиялырдың қолданылуына қатысты тақырыпты көтергім келеді.
- Осы сұхбат арқылы ғылыми жобалаға қатысып жүрген немесе қатысуды жоспарлаған әр тұлға бір түйін жасағандығына еш күмәнім жоқ, өйткені бұл сұхбат өте пайдалы әрі өзекті болды. Сұхбат біріп, оқушыларды үлкен белестерді бағындыруға ынталандырғаның үшін рахмет! Саған келешекте халықаралық дәрежеде өз жобаларыңды ұсынуға тілектеспін.
Сұхбат алушы:Искакова Азиза
Сұхбат беруші:Утилиева Айдана