Жас түлектерге тілек...

Жас түлектерге тілек...
жеке
блог

...Мектеп,ұстаз,қоңыраудың үні,достар-адам өмірінде əсіресе жас түлектер үшін ең əсерлі,жақсы естеліктерімен орын алатын маңызды сəттердің бірі!

Білім ошағына "Тарыдай болып кіріп,таудай болып шыққалы отырған"-2018 жылдың жас түлектері!Биылғы оқу жылы біз үшін ерекше алтын ұя мектебімізде өткізген əр сабағымыз,əр қырық бес минутымыз,ұстаздарымыздың жылы сөзі,бізге деген махабаты біздің жүрегімізде мəңгілікке қалатын,естен кетпес естеліктеріміздің бірі!!!

Бірнеше айлардан соң өзіміздің алтын ұямыздан қанат қағып,өмір атты үлкен кемеге отырамыз...Бізді алдағы уақытта өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр.Сол өмір атты кемеде өзімізге лайықты өмір сүру үшін,өзіміз қалаған мамандықтың иесі атану үшін,сабағымызды жақсы оқып ата-анамыздың біздерге деген сенімін,үмітін ақтауымыз қажет деп ойлаймын!

Құрметті2018жылдың Жас Түлектері!алдымызда күтіп тұрған үлкен сынақ Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өздеріңіз қалаған нәтижеге қол жеткізіп,өздеріңіз арман еткен оқу орнына түсіп,өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі атануларыңызға,биік-биік белестерге жетулеріңізге ШЫН тілектеспін!!!

Биылғы жылғы біз үшін соғылатын қоңыраудың тəтті үнін əлі талай сағынатынымыз сөзсіз...Қоңырау үні-мектеп кемесінің əдемі үні.Біздің құлағымызда мəңгілікке күмбірлеп тұратын, күміс қоңыраудың үні,біз үшін ең соңғы рет соғылса да,біздің жадымызда ең алғашқыдай,жарқын үнімен есте қалады...

Кемеңгер басшы Дана тұлға,Дара тұлға Елбасымыз-Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтқандай "Еліміздің болашағы-сіздердің қолдарыңызда"деген қанатты сөзі біздерге үлкен сенім артқандығының белгісі деп білемін!

Біз қай кезде болса да терең білім алып,талмай ізденіп,Қазақстанның болашағын ойлайтын,ел тізгінін ұстайтын саналы ұрпақтың қатарынан болып-Дамыған ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ көркеюіне үлес қосайық!!!

Сәттілік бізбен бірге болсын!