Өмірде сұлулыққа тұнып, адамды құштар етіп, ұмытылмас сезімге бөлеп әкетер ғажайыптар көп. Ал, сұлулықты қабылдай алу үшін айналамызға қарап, бір сәт бізге табиғаттан дарыған керемет байлықты бағалауымыз қажет. Ал, табиғатты аялап, оның адам өміріндегі маңызын түсінуде өнер адамдарынан кім озар?! Сазгер болсын, суретші болсын барлығы дерлік шабытын табиғаттан алады. Осындай көрікті жерлердің бірі «Гүлстан» саябағында жақында «жас суретшілердің» пленэрі өтті.Оған Ә. Қастеев атындағы суретшілер мектебінен 50-ге жуық жас суретші келді.
Пленэр (фр. plein air — ашық ауа) — айнала қоршаған атмосфера мен күн сәулесі әсеріне байланысты картинадағы барлық бояу түсінің өзгеруін білдіретін кескіндеме ұғымы. Пленэрлік кескіндеме суретшілердің натураны дәлме-дәл бейнелеу үшін картинаны шеберханада емес, ашық далада салуынан қалыптасқан.
Жарты сағатқа созылған экскурсия арқылы балалар ауладағы барлық өсімдіктер жайлы толық мәлімет алды. Экскурсиядан соң олар 3 топқа бөлініп, өздеріне берілген тапсырма бойынша сурет салды.
Неткен талант десеңізші!
Талантқа талас жоқ...
Бес сағатқа созылған пленэр «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры Б.Әскербекқызының жас суретшілер туындыларын бағалауымен қорытындыланды.Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына сүбелі үлес қосатын Әбілхан Қастеев секілді біртума суреттшілеріміз көбейе берсін!