Жас шеберлердің шеберлігі

Жас шеберлердің шеберлігі
жеке
блог

Бір жылдан аса уақыт бұрын «Ғаламарт» шығармашылық жастар клубы көз алдымда ашылды десем болады. Энтузиазст жастар қолынан іс келетін, қолөнермен айналысатын, ұлттық аспаптар жасайтын шебер жастарды жинап, клуб ашты. Қазірде біраз жетістікке жеткен клуб мүшелерінің жұмыстары көрмелерге шығып, халықтың ықыласына бөленіп, тіпті кейбірінің қолданысына еніп те үлгерген.

Бұл жолы қазақ ұлттық аспаптарын жасайтын шеберлердің жұмыстары көрмеге қойылып, ел назарына жол тартты. Үлгілі шәкірттер домбыра, сазсырнай, сазген, жетіген және т.б. қазағымыздың төл мұраларын жоғалтпай, осы күнге жеткізіп, дамуына үлес қосып жатыр. «Дала сазы» деген атау алған көрмеде жас шеберлердің туындылары көрмеге қойылып, 28 наурызда Орталық музейде ашылу салтанаты өтті.

«Ғаламарттың» музыкалық аспаптар бойынша бас сарапшысы Жолаушы Тұрдығұлов жас шеберлерге марапаттау қағаздарын үлестірді.

Және тағы да басқа үлкен ағаларымыз бастамаларына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін жаудырды.


Ал енді көрмеден суреттер:

Байқасаңыздар, үстіңгі жағында аспапты жасаған шебердің аты-жөні, суреті бар.

Міне, осылай "Ғаламарт" шығармашыл жастар клубының өнер туындыларын тамашалап, сәттілік тілеп кете бардық. Көрме Алматы қаласының Орталық музейінде 10 сәуірге дейін жалғасады. Барып, тамашалаймын дегендерге есік ашық.