«Жас Отандағы» жаңа кадрлық тағайындаулар
блог
Ағымдағы жылы 24 қазан күні «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалындағы мәжіліс залда «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы АОФ Төрағасының Бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым, Ақмола облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Байманов Шахмардан, жастар ұйымдарының басшылары мен облыстың дамуына немқұрайлы қарамайтын белсенді жастар қатысты. Конференция барысында «Жас Отан» ЖҚ Қорғалжын, Есіл аудандарындағы және облыстық филиалындағы 2014 жылдың 10 ай көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есептері баяндалды.
Күн тәртібінің екінші сұрағы ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысын қайта сайлау мәселесі қарастырылды. Ламаев Құрбан жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен босатылды және «Жас Отан» ЖҚ АОФ Атқарушы хатшысы қызметіне бұрын облыс Ақмола облысы «Кеңес орталығының» кеңесшісі қызметін атқарған Жүнісова Жанаргүлді тағайындау ұсынылды.
Көпшіліктің дауыс беруі арқылы ұсынылған кандидатура қабылданды. «Нұр Отан» партиясы АОФ Төрағасының Бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым Жүнісова Жанаргүлді жаңа қызметімен құттықтап, жұмыс майданында табыс тіледі.
Іс-шараның нәтижелері бойынша «Жас Отан» ЖҚ Облыстық кеңес құрамы жаңартылып, бастапқы бөлімшелердің қызметі туралы түсінік берілді.