Шымкентте «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен «Кел жастар оқылық!» жобасы басталды.
Жобаның басты мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы жастары арасында кітап оқу мәдениеті деңгейін көтеру, жастар арасында классикалық та, заманауи да шығармаларды оқуды қалыпты әдетке айналдыру болып табылады.
Қазіргі уақытта, жобаға қатысуға 40 жас өтініш білдірді. Жыл соңына дейін жоба аясында тұрақты кітап оқитын жастар саны артады деп күтілуде.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ ОҚО-ң жоба үйлестірушісі, Жұмабаев Нұрдәулет:
Кезінде адамдар өздерін қызықтырған ақпаратты кітаптан тапқан, ал қазір басқа да мүмкіндіктер бар. Бұрынғы кезде, адамдар тек қана кітаптан ой пікір жасауды, анализдеуді, сезінуді және де дұрыс сөйлеуді үйренген.
Қазіргі уақытта кітаптің қоғам өмірінде елеулі орынға ие болмауы, жалпы мәдениеттің төмендеуіне әкеп соғуда.
Біздің осы жобаны іске асырудағы негізгі мақсатымыз оқырман жастардың санын көбейту. Барлығымыз білетіндей, «оқырман азамат, ол байсалды да білімпаз» болып келеді.