Соңғы кезде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасының жаңа нұсқасы қабылданар тұста жиі айтылып жүрген «ЖАС КӘСІПКЕР» ұғымын заңнамалық бекіту, жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, жастар кәсіпкерлігі субъектілерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету сияқты мәселелер қоғамда қызу талқылануда. Бұл бастама қоғамдық қозғалыстар мен өзінің салалық бағыты бойынша жұмыс істеп жүрген, соның ішінде жастар ұйымдары және басқа да көптеген сарапшылардың қодауына ие болғанына қарамастан, үкімет тарапынан кедергілерге ұшырауда...
Осыған орай менің жеке азаматтық айқындамам «жас кәсіпкер» түсінігін енгізу, әрі оның тетіктерін жанжақты қолдау керектігі жағында, өйткені біріншіден, елімізде кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштер деңгейі статистикалық мәліметтерге сәйкес дамыған елдерден әлде қайда артта қалып отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күннің шындығына сүйенсек жастар кәсіпкерлігін дамытуды одан арғы жетілдіру керектігін және де осы салада дамыған елдердің (Еуропа, АҚШ, Жапония) тәжірибесі айқын көрініс береді.
Екіншіден, жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша бағытталған қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар көбіне жариялы түрде ғана іске асатыны, әрі тек бірмезеттік жеңілдіктермен ғана шектелетіні мәлім. Мемлекеттік қолдаудың негізгі мәні жас кәсіпкерлердің ертенге деген сенім күшін басымдықта ұстау керектігін жеткізу.
Үшіншіден, егер біз жастар саясатын бәскеге қабілетті адами капиталды құрушы құрал деп түсінсек, онда дәл қәзіргі әлемдік дағдарыс жағдайында еліміздің экономикасының әртараптандырылу тұрғысына жастардың бизнесі мықты себепші болуға тиіс.
Төртіншіден, ұлттық болмысымыз бен ерекшелігімізді ескеріп заңи тетіктерсіз іскер белсенділікті ынталандыру, әділетті бәсекелік ортаны қалыптастыру мүмкін еместігі.
Жоғарыда айтылған мәселерге байланысты құрметті достар өз пікірлеріңізді білдіріп, ойларыңызды талқыға салсақ!