Жас буынның кітап оқуы өзектіме?

Жас буынның кітап оқуы өзектіме?
жеке
блог
  Бүгінгі жастар - ол ертеңгі болашақ. Осы тұста жастарға қойылар талап көп. Солардың қатарында бастысы білім және рухани байлық. Рухани байлық түрлі жолмен адам бойына дариды. Оның төте жолы, кітап. Кітап оқу үдерісі қазіргі кезде қалай өрбуде?  Оқырман жамағаттың жас шамасы қандай? Ғасыр көшбасшыларының кітапқа қызығушылығы қандай?  Жастардың кітапқа бет - бұрысы анау айтқандай маңыздыма?
     Қазақ зиялы қауымы тоқырау кезеңдерден ақ кітап саласына аса көңіл бұрған. Әр кезеңің өзіндік ерекшеліктерін дәріптеп отырған. Қазіргі жастардың  яғни  ХХІ ғасыр жастарының кітап оқуы өте маңызды. Себебі кітапты бүкіл әлем мойындаған-ды, қайсыбір данагөй тұлға болсын кітаптан асып түсе алмаған. Келешек елдің тұғырлы болып қалуына оқырман қауымның атқарар рөлі зор. Кітап-ол тарих, көркем шығарма, тұнған философия. Кітап көрер көзді ашатын бірден- бір құрал. Заманның жетекші гаджеттерінен асып түсетін кітапқа менің қоғамымда сүйсіне қызығатын адам кемде-кем. Кітап жас талғамайды, жарқын болашақ үшін кез-келген істе өз септігін тигізеді.
    Қасиетті кітап айтпай сөйлейтін ұлық, біреуге жаңалық біреуге сабақ боларлық туынды. Оған мысал, Сейфулиннің “Тар жол тайғақ кешуі’’. Ұлт- азаттық қозғалыс тұсында жарық көрген бұл шығарма тарих кезеңіне апарып, осы күнге шүкір етеді. Бұны көз алдынан өткізген оқырман, кеңес дәуірінен сабақ алып, тәуелсіздікті енді қайтіп қолдан бермесіне ат салысатын адамдар қатарына енеді. Жастардың кітап оқуы өзекті, оған себеп жоғарыда айтылғандар.
    Қорыта айтсақ, күн өте кітапқа қызығушылар қатары күрт азаюда. Оның жолында күресу үлкен мәртебе. Жастармен жасөспірімдерді кітапқа баулу үшін оқу кестесіне пәндерден бөлек “Оқырман уақыты’’ бағдарын қоссақ бір ғанибет.  Атауынан қызықтыратын бұл жоспар жастарды өзіне тартатынына кәміл сенемін. Белгілі бір шығарманы оқырмандар ортаға салып ойкөкпар төңірегіңде тартысқа түсірсе тақырыпты да кітапқа деген қызығушылықты да айқын ашатын еді..Бүгінгінің талабы осы!