Елес пенен сағымның арасында,
Сен дегем, кездескен қыздарды.
Аяқ асты қоштасу жарасын да,
Емдегем, болса да ызғарлы.
Достарым ескерткен кезінде,
Сенбеп ем, өзгеге кетер деп.
Мендегі кіршіксіз сезімге,
Ойлап ем, қанағат етер деп.
Сен болсаң, ойынға баладың,
Достастық, қосылған ғашықтық.
Қазірде жоқ сенен хабарым,
Қоштастық, қайтейік асықтық.
Қоштастық, көңілсіз атырып,
Жыр қалар, біздегі ойыннан.
Арадан көп өтпей жатып-ақ,
Бір хабар естідім тойыңнан...
Тойыңда төрт түлік түгелдей сойылған,
Шығар ә, ортаға бар тәтті қойылған.
Білмеймін, білерім, таң ата ертесі,
Жар болып ояндың, өзге бір қойыннан.
АРМАН ҚҰДАЙБЕРГЕН