...Жарыссөзде айта салар ерлігі,Емге де жоқ,ай-хай,менің өмірім..

Ертай Ашықбаев- 1956 жылы 24 сәуірде Темір ауданы Бабатай ауылында дүниеге келген. 1972–1974жылдар аралығында Темір аудандық «Жұмысшы» – «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.

1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы, Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы және Ақтөбе облысы әкімі сыйлықтарының лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық жабық конкурсының төрт дүркін жүлдегері.

          Өз шығармаларын сылдырап аққан Бабатай өзені мен шұрайлы Ақтөбенің танына арнаған. Табиғаттың ерекше құбылыстарын көркем суреттеп, жарыссөзде не айтарын білмей дал болған шығармалары оқырман көңілінен шығуда. Әрбір шығармасының ұйқасы мен құрылымына аса зор мән беретін Ертай Ашықбаевтың кезекті оқырман жүрегіне өз жолын тапқан « Жарыссөз » өлеңіне тоқталып өтсек. Ақын өзінің ішіндегі бар мұң-мұқтажын осы 6 шумақтық өлеңде жазған. Ең алдымен бұл өлеңнің тақырыбынын қолдану мақсатын анықтасақ. « Жарыссөз » сөзі ең алдымен заң саласындағы адамдарға таныс болуы мүмкін. Бұл сөз көбіне сотта, яғни, заң айнасына қолданылады. Іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдерінің істің жағдайы туралы өздерінің қорытынды пікірлерін білдіретін соттың істі қарауының бөлігі. Өлең де жарыссөзде айтар ерлігі жоқ, өзін қалың дүрмектің бір бөлігі санайтын ақынның ойы. Тақырыптың мағынасы мәлім болғаннан кейін, өлең құрылысындағы әдеби сөздерге өз көзқарасымды жазып өтсем.

          Шығарма жалпы көпке ортақ түсінікті сөздерді қамтыған. Алайда оқырманды ойға шомылдыратын сөз оралымдары бой көрсетеді. Мысалы, « …өкілімін ду қол соққан дүрмектін,.. » ; « мен-күріштің қасындағы күрмекпін… » ; « жиналыста көбеңсиді көңілім… » секілді жолдарды кездестіруге болады. Соларға тоқталып өтсек.

         « Өкілімін ду қол соққан дүрмектін… » бұл жолда көпке түсініксіз, алайда қазақ әдебиетінде жиі бой көрсететін «дүрмек » сөзі кездескен. Бұл сөз көпшілік, көпшілік орта деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл сөзді қолдану арқылы дүркіреп тұрған аты жоқ екендігін, көпке тамсанып қол шапалақтап тұрған қалың жұртшылыққа жататындығын жазып өткен.

             Келесі өлең жолы « Мен- күріштің қасындағы күрмекпін ».Күрмек біржылдық өсімдік. Ол көбіне күріштің жанында өседі. Жұрт арасында « күрмеуі өссе күріштің соры » деген сөз қалған екен. Бұл өсімдік түрі көп елене бермейді, қатты айтқанда « пайдасыз »деген атқа ие болар. Ақын өзінің көп қалың жұртшылыққа танымал емес, тіпті еленбей қалатынын жазған.

             Ертай Ашықбаевтың шығармашылығы өз оқырманын тауып, көпшіліктің көңілінен шығуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, құрылымы мен әдеби сөздерден құрылған ақын шығармашылығы мені өзінін жүйелі ойымен, көркем суреттеуімен және өмірде орын алып отырған өзекті мәселелерді қамтуымен қөңілімнен шықты. « Жарыссөз » өлеңімен танысу барысында түйген ойым : бұл қоғамда жұртты елең етер атақ даңқын болмаса жәй ғана күріш жанындағы күрмеу атануын бір қалыпты жағдай іспеттес. Бойына дарыған жазу-сызу дарынына өзін сенімді болғанмен, айналаңдағы адамдардың күмәні сағынды сындыруы мүмкін. Алайда өз қабілетін мен күшіне сенсең дүркіреген атақтың да қажеті болмай қалады. Ертай Ашықбаев дәл осы сөздерімнін дәлелі ретінде санаймын. Қарапайым ауылдың жас журналисті көптің көңілінен шығып бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Сол себепті мен өзімнін жеке ойым бойынша Ертай Ашықбаевтың шығармашылық жолымен танысуды ұсынамын.

Жаукенова Лятта Жарасқызы

1 курс

Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті

 

 

 

 

 



Бөлісу: