Жарысқан жаңалықтар (ЭСТАФЕТА)

Жаңа ЭСТАФЕТА бастасақ қалай болар екен?

Достар, эстафета мазмұны – жаңалықтар. Жалпы әркім таяқша алған соң өз өміріміздегі, массагеттегі, елдегі жаңалықтармен бөлісіп, сол жайында өз пікірімен бөлісіп отырса? Меніңше, қызықты болатын секілді.

Ендеше бастайын...

Бірінші жаңалық: Арынды ақын Ерлан Жүністің Массагетке келгендігі болып отыр. Жас ақындардың көшін бастап тұрған ағамыз бұл жерде өз өлеңдерін жазып, «ауыл» тұрғындарымен араласып отырмақ екен. Әлеуметтік желімен хабарласқанымызда да Ерлан ағамыз «Massaget.kz – ынталы жастардың шоғыры» деп баға берді. Еске сала кетсек, ол өз блогын кеше, яғни 8 тамыз күні жазған болатын. Ал бүгін, 9 тамызда оның "Дәл қазір" атты өлеңі шықты. Оқуға шақырамын!

Екінші жаңалық: Белсенді блогеріміз Cырдың қызы өз «Сырлы сұхбат алаңына» Ақжелең Рахатдинді шақырып, тұшымды сұқбат жасай алды. Онда Ақжелеңнің түрлі мәселелерге берілген жеке ойы, құлшынысы, мақсаты жазылған, сонымен қатар, бала күндері мен қазіргі кездегі суреттері ілінген. Бір қызығы, Сырдың қызы қойған «Сіздің фобияңыз?» деген сұрағына кейіпкеріміз «Ағамның қазіргі жүріп жүрген қызының біздің үйге келін болып түсіп келуінен ужсссс қорқам!» деп сырын айтып салды. Неліктен екен?

Үшінші жаңалық: Футбол жаңалықтар! Шахтер мен Ақтүюенің әр аяқ басқан сайын жеңіске жетіп отырғаны барша жұртты қуантты. Оны қойсаңыз, Фейсбуктегі «тікелей эфирлер» мен «ышқынған» пікірлер қаптап кетті. Еліміз әлемдік футбол рейтингісінде де БІР сатыға жоғарылады. Қазақ жастарының спортқа қызығуы қуантарлық жәйт болса да, осы жол арқылы бәс тігіп, ақша табу бизнесі ушығуда. Таяқтың екі ұшы бар деген осы да!

Иә, осылай ЭСТАФЕТАМЫЗ! Ал келесі кезекті Өмірбек бауырымызға берсек деп едік. Ал жалғастырайық, достар!



Бөлісу: