Жарық сөніп қалғанда

Жаңа ғана жарық шамамен 30 минутқа сөніп қалды... Одан алдыңғы айтылған ақырзаман туралы әңгімелерден соң, мұндай құбылыс шынымен де паника алып келеді екен. Дереу жақындарыммен хабарласып, қай жерде жарық бар, қай жерде жоқ екенін біліп отырдым десем де болады... 

Ойыма не бір зат келмеді өзі. Анамды, сіңлілерімді ойласам, бойымды қорқыныш жаулап алады. Оларға бір жаман зат болуы мүмкіндігі тіпті басыма кіріп шықпайды маған. 

Адам өз фантазиясына ерік берсе жаман ғой, негізі. Дегенмен, ертең барлығы бітеді десе, не жасар едім, кімге не айтып үлгерер едім??? Ата-анамды, жақындарымды қаншалықты жақсы көретінімді, достарымды қаншалықты қимайтынымды айтар едім, мүмкін. Осындай әдемі әлемімді қимас едім.

Мүмкін, эгоисттік болар, дегенмен, жылдап жеткен жетістіктерімді, естен кетпес қызықты сәттерімді, эмоцияларды 1 күнде жуып кететін, мына мені жойы жіберетін құбылысты мойындағым келмейді. Құдіреті күшті Алламның менімен олай жасайтынына сенгім келмейді. Қиямет бір күн болса да, фэнтэзи фильмдердегідей жауыз күштерді жеңіп шығатын адам мен болатын сияқтымын ))) 

Алда әлі мен бағындыру керек неше түрлі қызықтар бар, әлі талай оқиғаны бастан кешуім керек: қаншама музейлер бар мен бармаған, қаншама әуен бар мен тыңдамаған, менің осындай оптимизміммен сусындамаған әлі де көп бейтаныс алыс адамдар бар, "Сен қандай керемет жан едің!!!" дейтін құрбылар бар, "Қандай сұлу едің!!!" немесе "Ах, какая женщина!!!" дейтін жігіттер, құшақ-құшақ раушан гүлдер, ойымнан құрастырып алған ханзада, қылығына тоймайтын бала-шаға, йога, гимнастика, Ламборджини, Греция, Жапония, АҚШ бар...

Осылардың барлығын жеңіп кеткен не паника екен ))) 



Бөлісу: