Жарық дүниені тарту еткен қос қанатыма...
жеке
блог
блог
Менің алтын Анашым-ай! Бәрiн койып тiптi аягына бутiн нәски кыймайды-ау... жана нәски сатып берiп тұрсанда <Менi койшы мен уйдегi адаммын, сенен калган нәскиде жетедi маган> дейдi, мама менiкiн кайтесiн?! "Табаны жыртық, бақайы тесiк қой" десен <түк етпейдi, жыртығын үстiне қаратып кие берем> деп жауап қатады... баскаларыңыздың аналарыңызды қайдам, менiң анам сондай, және бұл қылығын айтуға еш арланбаймын, себебi ол менiң алтын анашым!!!
Тіпті көздің жауын алатын алтын-жақұтқа қызыққанын да көрген емеспін. "Мама,ана гауһар тасы бар жүзік сондай əдемі екен,құдды бір сізге арнап жасалғандай,біреуін алып тағып алсаңызшы"десем. "Күнім-ау, мен ғаламат дүниелерге қызығып, көрінген кереметті ала берсем не болмақ? Мен анамын ғой.Əуелі сендерді жетілдірейін,əуелі сендерді оқытайын, əр балапанымның өмірден өз орнын тапқан ең бақытты жан екендігіне көзімді жеткізейін. Жатсам да,тұрсам да тілейтінім де сендердің амандықтарың ғой. Сосын барып сендер менің қолыма бұдан да асып түсер алтынды,гауһарды тақпайсыңдар ма?"дейді күліп. Іштен ғана "Маматайым-ау,əрине,Аллам Бұйыртса алып береміз,қалаған жеріңе апарып,əлемді шарлататын күнге жетеміз!Тек сəл щыдасаңыз болғаны..."дейтінмін. Қанша қалап тұрса да біз үшін, аяулы жары үшін бəрінен бас тартуға даяр-ақ тұратын, менің адал,аппақ анашым-ай. Осы сен тапқаныңды неге өзіңе жаратпайсың дейтіндер де менің жанымда аз емес. Ол қалай болмақ?Анам мен əкем бір күн тыным таппай,маңдай терімен адал ас тауып,үнемі біздің алдымызға əкеліп қойғанда,мен қалайша қолыма түскенді оңды-солды шашып,көңіл көтеріп жүрмекпін. Олардың түнгі ұйқысы халықтың баласы үшін 1000 бөлінгенде, үйде мамық көрпеге оранып алып, еш уайымсыз ұйықтайтын менің бұл ісім адамшылдыққа жатпайды ғой. Оларды мен қуантпағанда кім қуантпақ,қос қанатым үшін мен тілемегенде кім дұға қылмақ,алтындарым үшін барымды бере алмасам менің қандай перзент болғаным? Тіпті олар мəңгі өмір сүруі үшін мен жер бетінен жоғалып кетуге дайынмын,олар тыныс алу үшін мен демалмауға да көндігер едім.Дастарқан басында соңғы қалған тəттіні де <мен тойып тұрмын,құлыным> дейтін сылтаумен ,<өзің жей ғой> деп алдыма ысырмаушы ма еді?! Мұның барлығы да менің жүздері мейірімге толы анашым мен əкешімнің астамшылдықтан сақтануының бір көрінісі деп білемін.
Түнімен көз ілмейтін,балаларым оянып кетпесінші деген оймен əлсіз шамның жарығымен бала кезімде жазу жазатын əкем мен анамның еңбектерін қанша жетістіктерге жетсем де ақтай алмасым анық,тіпті миллиондап тауып,алдарына əкелсем де, менің табысым олардың еңбегінің бір бөлігінде өтей алмайтыны шындық.
Анамның <аппағым<, əкемнің <менің қара қызым> дейтін сөзіне ғаламның ғаламат əдебиетшілері,өзгелердің жаныңды баурап алатын əдемі сөздері де жетпесі анық. Өйткені Жұмағым мен Жəннəтімнің ақылы мен еркелеткені ыстық,сондай ыстық.
Тіпті менің əкемнің қаралығын əңгіме қылып та жататындары бар. Қара дейсіз бе? Онда тұрған не бар екен? Сіз менің папатайымның жүрегіне бір сəтке еніп көріңізші, бойыңыздағы үрейдің бір-ақ минутта жойылып, санаңыздағы сандаған арам ойлардың қалай жоғалғанын байқамай да қаласыз. Себебі ол кісінің жүрегіне мына əлемнің жылуын,махаббатын мен əлдеқашан-ақ сыйдырып қойғам. Əкемнің жүрегі-риясыз,кіршіксіз тек қана таза сезімдерге толы алып,əрі ғажайып ғалам. Өзі қараның əдемісі болса керек,ал жүрегі сондай,сондай,сондай кіршісіз аппақ. Əлі күнге дейін ол кісінің маматайыма деген қамқорлығының, жылулығының артқанын байқамасам,жоғалғанын,не бір минутқа сөнгенін көрген емеспін. Тіпті жұмыстан шаршап келсе де, анама қарап ,<мен жаныңдамын алтыным>дегендей күлімдейтіні əлі көз алдымда. Мен оны жанымнан артық жақсы көремін,мен оны əлемнің жеті кереметінен де бағалы санаймын. Себебі ол-менің Əкетайым.
Осындай ақылшыларымның арқасында мен еш алаңсыз армандай да,мақсат қоя да білетінмін.Алла Қаласа ата-анамды əуелі Меккенің зəмзəм суынан өз қолыммен дəм татқызсам,менен асқан бақытты сəби,бақытты жан болмаушы еді мына жер бетінде. Əрине,бұл менің перзенттік парызымды өтемесі анық. Сондада олардың маған берген мейірімін,қамқорлығын,жылулығын екі есе қылып шын жүрегіммен қайтарғым келеді. Үнемі ұйқыға кетер алдында бір ғана нəрсені қолымды жайып,құдыреті шексіз Жаратушы иемнен жалынып сұраймын"Мені өмірге əкеліп,барын беріп жетілдірген жандарға екі дүниенің бақытын нəсіп ете гөріңізші. Əлі ешкім жете алмаған жасты бұйыра гөріңізші. Балаларының жанында күліп-ойнап, уайым-қайғысыз күн кешуіне себепкер болыңызшы. Бір сəтке де көздерінен бір тамшы жас төгілмесінші. Менің анам мен əкем бір өзіңіздің қалауыңызбен мəңгілік жанымызда баянды ғұмыр кешсінші". Міне, осылай...
Мен осы уақытқа дейін ешқандай жанға <Жүрегім> деп айтқан да,еркелеткен де емес. Себебі менің жүрегімді əлдеқашан-ақ қос қанатым- анам мен əкеме арнағанмын. Менің жүрегім осы асыл жандарға туылғанымнан-ақ тиесілі болатын жəне мəңгіге солай болып қалмақ...