Жарнама туралы фильмдер немесе кинодағы жарнамалар
блог
Кино көріп отырғанда сіз жарнаманы байқайсыз ба?
Иа, кино дағы жарнаманы көбіміз байқамаймыз. Бірақ фильмдер толығымен жарнамадан тұрады.
Кинодағы жарнамалар:
Мысалы сіз кино көріп отырсыз, сіздің сүйікті актрисаңыз бір кітап оқып отырды, сізге интерес туады иа сіздің сүйікті актрисаңыз не оқып отыр? Жанталасып гугулдан іздеп, сол кітапты тауып оқисыз, достарыңызбен бөлісесіз. Көрдіңіз бе, сізге жарнама қалай әсер ететінін.
Жалпы, кино көріп отырғанда адам жарнаманы байқамайды, бірақ ол сіздің миыңызда автоматты түрде сақталып қалады. Себебі, адамдар «жұлдыздыққа ұмтылу» мен «керемет» ұғымы тек кинолар әлемінде қалыптасқан деп ойлайды.
Кино біткенсін ұзын сонар компания тізімдерін байқайсыз ба? Міне, сол фирмалардың өнімдері сізге жарнамаланды. Мұны ашық жарнаманың жасырын түрі дейді. Сіз кинода көрген заттарыңызды іздей бастайсыз, не жолдан көріп қалып алуға ұмтыласыз, міне жарнаманың сізге әсері. Жарнаманың жұмыс істеуінің ең айқын жолы.
Жарнама туралы фильмдер:
Бұл фильмдер арқылы жарнама қалай жасалатынын ғана емес қалай жасауға болатынын білуге болады. Егер сіз пиар, жарнама, контент жағында жұмыс жасасаңыз міндетті түрде қарап шығыңыз.
Мен ұсынатын ең жақсы жарнама туралы фильмдер:
Чего хотят женщины. Өте қызықты, комедиялы кино.
Семейка Джонсов. Жарнама мақсатында өмір сүру, жарнама арқылы өмір стилін насихаттау. Нағыз жарнаманың көкесі.
Дневник карьеристки, жарнама агентінің өмірі.
Дьявол носит "Прада", тұнып тұрған жарнама глянцевый журналдарға қалай жарнама беру, танымал адамдар арасында қалай танымал болуға болатынын көрсетеді.
Ал басқа басылымдар ұсынған фильмдердің көбін көрмеппін. Мына жердегі мен мына жердегі фильмдерді қарап шығуға кеңес беремін. Өзімде қарап шығатын фильмдер тізіміне қосып қойдым.