Жарнама да тапқырлықты қажет етеді
блог
Қазір қайда барсаңыз да, жарнамадан аяқ алып жүре алмайсыз. Қызылды-жасылды көздің жауын алатын жарнама бар да, көзге күйік боп, әбден жауыр болғандары да бар. Бұл блогымда көңілімнен шыққан, таңдай қаққызған бірнеше жарнамаларды ұсынып отырмын. Адам қиялының жүйріктігіне, ұшқырлығына тағы көз жеткіздім.
"Mondo Pasta" ресторанына асығыңыз!!! Онда тәбет шақырарлық керемет дәмді тағамдар дайындайды.
"Қартайғанда қыранның да көру қабілеті нашарлайды. Көзілдірік тағыңыздар", дейді "Instrum" оптикалық дүкені.
Субару: "Мәшинеңіздің де жаны бар".
Whiskas: "Тарыдай мысығыңыз таудай боп өссін!"
Мынадай қолшамыңыз болса, ұрылар үйіңізді айналып өтетін болады.
Ұры демекші, CNN арнасының қызықты хабар тарататындығы сонша, ұрылардың өзі теледидарға телміре қалады.
Қашанда сымбатты боп жүргенді қалайтын бойжеткендер мына иогуртты ішсін)))) (Бұл жарнаманы көрсетуге көп елде тыйым салған)
Мұнда бір емес, екі өнімге жарнама жасалып тұр...
Мына сусындарды ішпей, қарап тұру әсте мүмкін емес. Әсіресе, қарбыздың сусынын...
"Lazer" шлемін кисеңіз, басыңызды "ешқандай жау алмайды"
Жатақханада тұратын студенттерге таптырмас пакет.
Йога орталыққа барыңыз, сонда мына қыз секілді тал шыбықтай майысатын боласыз...
Ал сізге қазіргі жарнамалар ұнай ма? PR қызметкері болсаңыз, қандай жарнама жасар(түсірер) едіңіз?