Жаңа автобусқа мініп едім, шеттеу тұрған екі орындықта екі қазақтың сүп-сүйкімді қыздары отыр. Бір уақытта алдыңғы жақтан бір ер адам мінді. Екі қыздың жақын отырған біреуі ұшып түрегеп орын берді. Қасындағы қыз құрбысының бұл ісіне сүйсінгендей оған жымиып қарады. Мен ондай жып-жылы және өте әдемі жымиғанды бұрын-соңды көрмеген шығармын. Нағыз қазақтың сұлулары.
Содан біреуі тұрған, екіншісі отырған күйі әңгімелерін жалғастыра берді. Жаратқан оларға сондай сүйкімді жүзді бергенмен, өкінішке орай мен соған сай олардың сыңғырлаған әсем дауыстарын ести алмадым. Себебі екеуіне де бұл өмірде сөйлеу қабілеті тағдырларына жазылмапты. Екеуі өз тілдерінде сөйлесіп тұрды. Олардың тілін білсем "қыздар, танысайық" дер едім :) Өзім қатарлы қыздар ғой. Сөйтіп тұрдым, тұрдым. Олардың тілін білмейтінім қандай өкінішті дедім. Оларға деген жылы лебізімді білдіре алмайтыным қандай өкінішті! Шығатын аялдамам болса, жақындап та қалды... Сөйтіп тұрып басыма бір ой саңқ ете қалды! Менің қолымда гений Стив Джобстың телефоны бар ғой! Бірден соған өзімнің жылы лебізімді білдірдім де, екеуіне телефонға жазған лебізімді көрсеттім. Олар маған қарап жымиды. Жымиғандары сондай әдемі! Жарқырап жүре беріңдер!
Ержан Алаш