Жарқын болашаққа, алтын қадам!

Жарқын болашаққа, алтын қадам!
жеке
блог

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін! -деп,

Мағжан атамыз жырлағандай, бүгінгі жас буынның талабы аға буынды алаңдатпай қоймауы мүмкін емес. Мынау ақпарат пен технологияның дамып белең алған заманында, кітап оқитын жастарымыз күрт азайып кетті. О бастан адамзаттың серігі болған, көзін ашып, көкірегін оятқан, сөздік қорын байытқан - кітап болатын. Қазіргі жас жеткіншектерімізге, -қандай кітап оқисың?,- деп сауал қойсаң, тартыншақтап жауап таппай қалатыны рас. Ел болашығы ертеңгі жастардың қолында десек, елді жарқын болашаққа, күндіз-түні ұялыны шұқып отыратын жастарымыз жеткізе алады ма?! Аға буын елдің ертеңін бізге қалай сеніп тапсырмақ?! Ата-бабаларымыз ақпарат пен технологияның жоқ кезінде де қарапайым майшамды жағып отырып көз майын тауысып кітап оқып, ғұлама ғалым болған жоқ па?! Солардың ұрпақтары қалай өмір сүріп келді, біз қалай өмір сүрмекпіз?! Әрбір жастың арманы, өзіндік талғамы, осы бастан алға қойған белгілі бір мақсаты, өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Сонда ғана ел ертеңі жарқын болады деп, хәм сеніммен айта аламыз. "Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы", сынды мақал, мәтел, нақыл сөздеріміз қаншама. Бұның бәрі әрине, тектен текке айтылған дүние емес, әрбірінің өзіндік мән-мағынасы бар. Осы орайда өзімнің мына бір өлең жолдарымды мақалама арқау етсем деп едім:

 Кітап оқы, жастарым!

Кітап оқы, достарым!

Көзіңді ашқын, мына жалған,

Бес-ақ күндік, қас-қағым.

Барлық білім ішінде оның орныққан,

Кітап сенің, көзіңді ашар сорлықтан.

Жалыны бар, жігері мол жастардың,

Миын қазір ғалам деген, тор жыққан.

Кітап оқы, ертеңге сен қалдырма,

Кітап – білім қайнары ғой, сарқылмас.

Білімі көп адамдардың алдында.

Шешімі жоқ, аса алмайтын  жар тұрмас!

Президентіміз айтқандай "Ел болашағы, жастардың қолында" екені белгілі. Ендеше құрметті менің замандастарым, өзімізді болашақ елдің жауапты азаматы ретінде сезінейік. Түнде көз ілейік, ұялыны қарағаннан көрі. От жүректі жастардың қолынан, тауды жылжылту да келеді! Егемен елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарау үшін, алдымен өзімізге сенімді қарап үйренейік. Бірімізді біріміз мақсат жолында сүйрелейік. Алайда күйремейік, Қабырғамызды іргелейік, Елді көркейтеміз бәріміз бірге дейік!