Бұл мақаланы жазарда мен еш ойланбай кірістім. Неге десеңіз, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тағы бір өткен іс шараға байланысты болмақ. Біздің жастар жан-жақты дамыған, өз саласының нағыз маманына айналуы үшін, мұндай кездесу, іс-шаралар қажет деп білемін. Осы орайда көңілге еріксіз өлең жолдары келеді:
Мына жастар көп жақсыға сенеді, Ниет болса барлығын да жеңеді. Дұрыс жолды көре білген жастарым Алға қадам басып бүгін келеді.
Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түрлі іс-шаралар және кездесулер өтеді. Олардың әрбірі, мұндағы студенттерге ерекше әсер қалдырары сөзсіз. Оларға дәлел болар, бірнеше мысалдар да жетерлік. Солардың біріне тоқталып кетейін.
ҚазҰУ-ға өткен жылы Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мұхаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы келді. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев «Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Біріккен Араб Әмірліктерімен тығыз байланыс орнатты. Екі ел арасындағы дипломатиялық, саяси-экономикалық және мәдени қарым- қатынас жоғары деңгейде даму үстінде. Оған дәлел біздің университетте еліміз бойынша шығыс тілдерінде мамандар дайындайтын шығыстану факультеті бар. Факультетте 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди, урду және екі батыс тілі ағылшын және француз тілдері оқытылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу орталықтары да жұмыс істейді. Осы орайда біз сіздердің институттарыңызбен бірлесе араб тілінде мамандар даярлауды қолға алып, оны одан әрмен дамытсақ»,-деді бірінші проректор. Кездесу барысында тараптар оқытушылардың біліктіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу және студенттердің тіл ұстарту тәжірибесінен өту маңыздылығына тоқталып, екіжақты болашақ ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Осы секілді бірнеше мысалдар, біздің өскелең ұрпаққа үлкен септігін тигізері анық.