«Жарқ еткен жұлдыз»
Шоқан (Мухаммедханафия) Шыңғысұлы Уалиханов- әдебиет зерттеушісі, ғалым, саяхатшы географ әрі публицист. Бір өзінде мың түрлі дарыны бар қазақ жанашыры әрі зиялысы.Ол қырғыз бен қазақтың фольклорын қайта жандандырып,ғылыми зерттеулерімен әдебиет әлеміне айтарлықтай үлес қосқан. Шоқан Уалиханов тек бір сала бойынша ғана қалып қоймаған түрлі салалаға көңіл бөліп, түрлі зерттеулер жүргізген. Публицистикаға да айтарлықтай көңіл бөліп түрлі мақалаларын жарыққа шығарған. Ф.Н. Костылецкий, А. Гансевский Шоқан оқыған оқу кадет корпусының оқытушылары әрі Шоқанның рухани көзқарасының өсуіне жол ашқан кісілер. Россияны Ш. Уалиханов өзінің ұлы Отаны деп санады әрі Петербургта жүрген кезінде аса көрнекті орыс ғалымдарымен,жазушыларымен публицисттерімен танысуға себеп болды әсіресе Чернышевский мен Добролюбовтың шәкірттері Василий және Николай Курочкиндермен жақын араласып кетуіне үлкен бір себеп болды.
Уалихановты Чернышевскийге “Бұратана” халықтың арасынан шыққан көрнекті ғалым деп таныстырған солар болатын. Бұл кездесу олардың жақын араласып кетуіне үлкен септігін тигізеді. Шоқан Уалиханов орыс халқын қанша биік санап, жақсы көргенмен ол өз халқын ешқашан ұмытпаған жанашыры. “Тағы,жабайы” ел дегеніне мойынсұнбай сол елді түзетуге мәдениетін жаңғыртуға,жаңартуға көп атсалысқан. Халқын қатты сынау арқылы түзеткісі келген екен. Оның қоғамдық экономикалық көзқарасы Чернышевкийге ұқсас болған. Ол діннің халықтың өсуіне бөгет болады деп білген сол себепті білімді татар молдаларынан көрі орыс мектептерінде алған дұрыс, ана тілін білсін бірақ сонымен қатар орыс тілін де білуі тиіс деп санаған.
Ал енді Шоқан Уалиханов туралы деректерге келер болсақ. Уалиханов шығыстанушылардың арасында жұлдыздай жарқ етіп бірден көзге түскен ғалымдардың бірі. Оның дарынды екенін басқа шығыстанушылар біліп оған әрдайым қолдап отырған. Болашағынан зор үміт күткен. Бірақ тағдырдың жазуынан асып көрген адам бар ма? 30 жасында өкпе ауруына шалдығып ерте дүниеден озған. Сол жағдайдан кейін Уалихановтың көптеген мақалалары, зерттеулері аяқсыз қалған. Сол зерттеулерді аяқтау үшін Потанин бүкіл жазбаларын қайта тергізіп өңдетпекші болады. Дегенмен Уалихановтың жазуы өте түсініксіз болғандықтан жазылған мәліметтердің көбінде көп нүкте қойылып аяқсыз қалып қояды. Осылайша Ш.Уалихановтың өңделуге тиіс болған мақалалары әркімнің қолында кетеді.
А.Н. Пыпиннің Уалиханов туралы жазбасында былай делінген екен:
«Уәлихановтың баспа бетінде жарық көрген жазбалары санаулы ғана, олар Географиялық қоғамының басылымдарында жарияланды: «Жоңғария очерктері» («Жазбалар», 1861 ж., I II кітап), «1858-59 жылдардағы Алтышар немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхара) алты шығыстық қаласының жағдайы туралы» (сонда, ІІІ кітап), 1868 жылғы «Географиялық қоғам хабаршысында» (ІV т. 2 бөлім) Уәлихановтың Қашғарға сапары туралы хабарландыру басылған*3.
Бірақ Уәлиханов жинаған мағлұматтардың бәрі басылған жоқ. Оның қолжазбалары із-түссіз жоғалып кетті. «Орта Азия тарихы, этнографиясы және географиясы жайлы материал жинау үшін Уәлиханов ешнәрседен аянбады, - делінген қазанамада, - өз халқының аңыз, әңгіме, поэма, қисса-дастандарын мұқият жазып алды, өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ескі жәдігерлерді сатып алып, көне қолжазбаларды жинады... Уәлиханов өз еліне терең адалдығын сақтады, ол қазақ өмірін сүйді, сонымен бірге батыс өркениетін бағалай алды, өз халқының болашағын тек Ресей қанатының астынан көрді». Және де дәл осы мақаласында Уалихановтың дарындылығын әскери корпусқа бір ауыз орысша білмей түссе де өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында офицер болып шыққандығы одан кейін Сібір генерел губернаторлығында адьютант болғандығы туралы айтады.
Уалихановтың көзқарасы әлі күнге дейін өзіндік бейнесін жоғалтпайды. Оның әрбір еңбегінің өзіндік бір ерекшелігі бар.
Мәселен «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» атты мақалада ғалым қазақ халқында шамандықтың қалдықтары туралы да ғылыми тұжырымдар келтіреді. Халқымыздың ислам дінін ұстанатынын, оның ішінде шаман ғұрыптары мен ырымдарын тұтынуы анықталады. Сонымен қатар, өлген ата-баба рухтары, аруақтар, немесе оргондар, шамандардың емдеу тәсілдері мен табыну нысандары, садақаға сойылатын малдар, қазақтардың космологиялық ұғымдары, жаратылыстағы киелі күштер туралы сөз етеді.
Жарқ етіп жоқ болған жұлдызымыздың елімізге сіңірген еңбектері өте көп. Және өз құндылығын күні бүгінге дейін жоймай сақтап келеді. Адамның өзі өлсе де сөзі өлмейді ұрпақтан ұрпаққа мұра болып әрбір қазақ баласының көкейіне қонып, өз білім нұрын себетіні анық.