Жаратылыстану ғылымдарының заманауи талабы
блог
Адамзаттың қоғамдағы өмір сүру деңгейінің сұраныстары дамыған сайын заманның жаһандану талаптарына сәйкес ғылымның түрлері де үстіртін даму үстінде. Табиғаттың түрлі жаңалықтарына тәуелді жаратылыстану ғылымдары әсіресе дамуда. Ертедегі жердің беті тегіс деген пайыммен өмір сүріп өткен ежелгі адамдар мен қазіргі ғылым мен техника дамыған дәуірдің заманауи адамының арасы жер мен көктей, салыстыруға да келмейді. Адам өзгерді ме, әлде заман өзгерді ме деген сауалға көпшілік қауым заман емес адам өзгерді дейді.
Заман өзгермесе, жаңалық, жаңа озық ойлар қайдан пайда болмақ? Адамның қазіргі сұранысы бұрынғы ежелгі дәуірдегі адам санасынан әлдеқайда жоғары емес пе? Қазіргі адам әлдеқайда жақсы өмір сүргісі келеді. Үңгірде емес, өзіне пана болар баспахана іздейді, қолынан келгенше еңбек етіп, «көрпесіне қарай көсіледі».
Біздің қазақ ұланғайыр атырап жерді сақтап қалғаны болмаса, еуропамен салыстырғанда бәлен жылдарға мәдениеттен қалыс қалғанын білеміз. Әйтсе де бізге келіп жеткен ғылым мен техниканың арқасында еліміз алдыңғы қатарлы елдер қатарына еніп жатқандығы қуантады. Қазір біздің ұлтымыз әлемнің түкпір-түкпірінде өзінің атын шығаруда. Мәдениет, спорт, білім саласы болсын қазақтың ұл-қыздары өздерін білікті маман ретінде дәлелдеуде.
Алланың жаратылысы керемет қой. Адамды ең биік ой иесі ретінде жаратып, мініп жүрген көлігіміздің де, алып жатқан біліміміздің де, түрлі өнер түрлерін меңгеруде де адамның озық ойының жемісі екені сөзсіз. ХХ ғасыр басынан бастап осы озық ой тіптен ілгері дамуда ма дейсің? Tesla корпорациясының марсқа алғаш рет тексеру құрылғысынан келген видеокадрлары барлығымызды ерекше әсерге бөлеуде. Адам енді жерді ғана емес, келер ғасырда барлық ғаламшарды бағындырар ма екен деген ой туады.
Не десек те әлемде болып жатқан өзгерістер мен катаклизмалар өзінің кері әсерін де тигізуде. Ғылымды қуалап әлемнің белгілі ғалымдары өз жетістіктерін жүзеге асыруда бүкіл адамзат баласына covid-19 сияқты кесапат әкеліп отырған жоқ па? Оны да осы жаратылыстанудың маңдайалды ғылымдарының түрі биохимия жаратты емес пе? Биологиялық қару болып табылатын індеттің пайда боларына жылдар бойы сенбей жүрген ертегіміз бір сәтте-ақ шындық болып көзімізді ашты.
Әлемді дүр сілкіндірер биологиялық қарудың пайда болуы заңды еді. Өйткені заман дамуда, сұраныс ұлғаюда. Бір жаңалықты ашқан ғалым тоқтаа қалғысы келмейді, одан әрі бірнәрсе ойлап тапсам дейді, болмаса одан өзге ғалым ассам дейді. Мәселен, бүткіл ұлтты үлкен қасіретке жеткізген полигон мәселесі қайдан шықты? Оны да тудырған сол атақты ғалымдарымыздың заман талабына сай ашқан жаңалығы. Әрине жаңа бағыт, жаңа ғылым, жаңа көзқарас бұл ылғи сұраныста, дегенмен кертартпа жақтарының бар екенін де ескерген жөн. Сол жаңа ғылым күндердің күнінде бүкіл әлемді ғайып етпесіне кім кепіл?
Жаратылыстану ғылымдарының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Күнделікті өмірімізді, былай қарасақ, химия, биология, математика, физика, астрономия заңдылықтарынсыз елестете алмаймыз. Біз қолданып отырған техника, электр тоғы, медициналық жәрдем, космос арқылы түрлі табиғаттарының алдын-алу шаралары осы жаратылыстану ғылымдарының жемісі.
Заманауи қоғамды жаратылыстану ғылымдарынсыз елестету мүмкін емес. Қоғам дамып отырған сәтте ғылым өрісінің кеңеюі заңды құбылыс. Әлеуметтік биология, биохимия, биоэтика сияқты симбиотикалық ғылымдар жаңаша бағытпен даму барысында. Мәселен, алысқа бармай-ақ, өзіміздің оқыту жүйесіндегі жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп бітірушілері математика орнына «математикалық сауаттылық» пәнін тапсыруда. Бұл да заманның ілгеріге ұмтылыс барысындағы шәкірттерге қойған талабы. Оқушы енді математиканың белгілі бір формулаға салған есеп нәтижесін ғана беріп қоймай, оған қоса логикалық ойлау қабілетінің деңгейін де дәлелдеуге тиіс.
Жаратылыстану пәні бастауыш сынып бағдарламасына да еніп отырғаны тектен-текке емес. Бала өмір сүріп отырған қоғамындағы үнемі қарқында дамып отырған ғылым мен техниканың озық тәжірибесінен хабардар болуы тиіс. Айналасында болып жатқан түрлі құбылыстардың қалайша, неліктен деген сұрақтарына осы пән арқылы жауап алуы тиіс.
Жаратылыстану ғылымдарының осыншалықты қарқынды дамуы болашақтан үлкен үміт күттіреді деген ойдамыз. Әлемді, адамзатты құртыду көздейтін көлеңкелі ойлардан алыс ұстанатын, ғылымды өз қолында қару ретінде қолданбай, келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін адал еңбек жасайтын ғалымдардың игі істерінен зор үміт күтеміз!
Гүлдана СОФИЕВА
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясының магистранты,
Данат ЖАНАТАЕВ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент