Жаратушы (Жарылысқа дайындық)

  Шетсіз-шексіз кеңістікте (менің компютерімнің ішінде) бастапқы бөлшектерден басқа ештеме болмады. Бастапқы бөлшектер қайдан келді дейсіз ғой?! Үлкен жарылыс теориясы бойынша олар болуы керек болған соң мен жасадым...бағдарламада!

 Бір күн күттім, екі күн күттім, ал бастапқы бөлшектердің бір біріне тартылатын ойлары да жоқ. Ал менің шынайы өмірімдегі екі күн дегеніңіз бағдарлама ішінде миллиардтаған жылдарға тең! Болмаған соң мен бағдарламаға бастапқы бөлшектердің бір-біріне тартылуын қамтамасыз ететін өзгеріс енгіздім. Санаулы секундтардан кейін ақ бастапқы бөлшектер бір біріне тартылып, кесектеле бастады. Бір күн өтпей ақ  шетсіз-шексіз кеңістіктің әр жерінен  алып шарлар пайда болды. Шарлардың алыптығы жарылыс пайда болуға жетпесе керек, маңайларының тартылыс күші жететін жерінің барлық бастапқы бөлшектерін өздеріне сіңіріп алған алып шарлар қозғалыссыз қалды. Әрине  қайдан қозғалсын. Бір нәрсе қозғалуы үшін оған екінші нәрсе әсер етуі керек емес пе?! Сондықтан да мен бағдарламаға ешқандай себеп-салдарсыз қозғалуды былайша айтқанда Броундық қозғалысты енгіздім. 

 Қызық енді басталды...



Бөлісу: