Адамдар әр түрлі ойлайды. Әркімнің өзіндік жаратылысы бар. Әркімнің өзіндік талғамы бар. Біреулер шынайылықты қалайды. Сондықтан көздеген нысанасына дөп тигізеді. Ал біреулер шынайлықты жанымен сүйсе де,неге екені белгісіз жасандылыққа жақын келеді. Олар әдейі істемейді,тек шынайы қыламын деп жасанды қылып алады,бәрін де. Кезкелген адам,сан түрлі қиялдайды және армандайды. Соң-соң,оны қалам сиясымен ақ парақтарға түсіргісі келеді. Ақыры,ойын іске асырады. Азы көзбен көргенін жазады. Ал,көбісі ойдан жазады. Сөйтіп кейбір жаратылысты өздерінше бұрмалап алады.
Мысалы: Аспан жылайды,-дейді. Енді,біреуі аспанның нөсерлеп жауған ақ жаңбырынан,құрғай шөлдеген қара жер нәр алады-дейді. Жарайды,бір жаратылыстың қайғысы,өзге жаратылысқа бақ делік. Бірақ мұны адамдар мен хайуандар арасындағы сатқындыққа жатқызуға болады. Ал, табиғатқа бұл тән қылық емес. Өйткені табиғат шынайы сондықтан оны оғаш әрекеттермен шатастыруға болмайды.
Ала таулардың басын ақ қар жапса,оны жұрт бас киімін киді,-дейді. Қарасаң,көзің жетпейтін,биік-биік мұзарт шыңдардың басын жапқан қардың бас киімге ұйсайтыны әншейін көз салғанда ғана байқалады.Ал ойлап қарасақ олда ойға жұдағай көрінетін құбылыс. Өйткені,алып шыңдардың басынан тек суық ызғар еседі...
Жапырақтар жылайды,-дейді. Жапырақтар жыламайды,адам жасын қос жанарының астына жиғандай, бұтақтарының астына жапырақтарын үйіп,күздің қоңырқай кештерінде ескен қоңыр желдерге мұңын шағып ағаштар жылайды...
Кезкелген шығарманың деңгейін айқындайтын,ол-шынайылық және көркемдік. Әрбір адамның да өзінді ойының түпкі тамыры шынайылықтан тарайды. Бірақ,түрлі ой жетегімен сан мың мәрте шимайланады. Ақыры көзге оғаш көрінеді,көңілге мүлде әсер етпейді... Сондықтан да әрбір қаламгер,өз ойын жазарда оны шынайы жүрек түкпірі мен ой елегінен сүзіп,өзінің бір жан дүниесіндей қарар болса,онда ол шығарманың өзіндік, айқын бет-бейнесі болары сөзсіз...
Досжан Нұрболат