Жапырақ жүрек

Жапырақ жүрек
жеке
блог

Жапырақ жүрек

Жапырақ жүрек жас қайың... Ақын, сөз зергері М.Мақатаевтай адам сезімінің тылсым иірімдерін көркем табиғат бейнесімен суреттеп жеткізе білген ақын кем де-кем шығар. Ақ қайың - асқақ армандарға толы адам өміріне ұқсайды. Пенденің басынан кешкен тізбекті жылдар мен бұралаң жолдарын төрт мезгілдің түрленген бейнесі көз алдымызға келтіреді. Мысалы,көктем  бүрін жарған балғын үміттің шағы болса, жадыраған жаз шаттық пен қуаныштың жүрекжарды әсерлі көрінісі еді. Күрсінген күз сарғайған сағыныштың, үп еткен жел мен жапырақ жүректің үмітін үзіп кеткен тағдырдың талқысы десек, ал, қыс жұмыр жерді ақ көрпесімен қымтап, ақ періштедей келешекке барар ақ жолды нұсқап тұрғандай болады.
Бақыттың кілті бір-екі күндік ойын-сауықта емес, басыңа баянды боп қонар махаббатта. Тарих бетін парақтап қарасақ, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ақ Жайыққа ат терлетіп Қыз Жібекті іздеп барған Төлеген, Қорлан қызға елу жыл ғашық болып, артынан «Қорлан » әнін қалдырған Естай нағыз сүйіспеншіліктің мәңгілік белгісіндей еді.

Ал, қазіргі жастар махаббат деген ұлы сезімнің қадірін жоғалтып алған сияқты, оған бірден-бір себеп, шетелдік мағынасыз фильмдер немесе клиптер, жартылай жалаңаш түсірілген жарнамалар. Осындай көрсеқызарлыққа көзін сатып, кешегі  төгілтіп қосетек киген қазақ қызының етегі келтеленіп, кері кетіп барады. Бұл нағыз қасірет емес пе?! Бұдан кейінгі лап еткен оттай бірден пайда болған арадағы сүйіспеншіліктің ғұмыры ұзаққа бармасы белгілі.

Бірақ, саналы жігіт салмақтай біліп қасиетін түсінген, арлы қыз ардақтай біліп, сан аяқтың астына қадірсіз боп басылмайтын жапырақ жүректің сабағынан үзілмей мәңгі жүрек соғысын тоқтатпай, құлпыра беретіні көңіл қуантады.