ЖАПЫРАҚ
жеке
блог
блог
Жүргенде жолдасым боп жалқы қайғы,Күндер де күдігімді қамшылайды,Тірліктің желіменен тербелетін,Жанымның жапырағы бар сыңайлы.
Құпиям бұл жалғыз-ақ сіз білетін,Мен оны желге қалай үздіремін.Енді ғана түсіндім не себепті,-Қуанамын осы ылғи күзді көріп.
Өзіне Өлеңімді оқып әр күн,Сырымды соған айтып отырамын.Жаныңның терегіне үңіліп көр,Бар шығар сенің де бір жапырағың.
... Жолдасым болған күннен жалқы қайғы,Жүрегімді мың күдік жаншылайды.Күнәсі көп жанымның жапырағынан,Кінәсі жоқ мөлдір шық тамшылайды.Әлия ІҢКӘРБЕК