Төмендегі тізімге қараңыз да, өзіңді қызықтыратын қозғалыс құралын таңдаңыз:
А. Велосипед
Б. Автомобиль
В. Автобус
Г. Поезд
Д. Қайық
Е. Ұшақ
Тесті жауаптары бойынша талдау:
Қозғалыс құралдарын таңдау ерекшеліктерің сенің мақсатыңа жету кезіндегі мүмкіндіктеріңді және мінез - құлық ерекшеліктеріңді айқындайды.
А) Сенің таңдауың – велосипед. Қойылған мақсаттарыңа өз күшіңмен жетесің. Өзіңе сен, өз бетіңмен қимылда. Айналадағылар саған бекер көмектеседі. Сенде ерлік, батылдық және сенім жетерлік, сондықтан – тек алға! Сенім, бірбеткейлік және еңбек сені жеңіске апарады. Сенің мүмкіндіктерің мол.
Б) Сенің таңдауың – автомобиль. Ішкі күшің және қуатың сені алға итермелейді. Сен егер көп асықпасаң, өз мақсаттарыңа жетесің. Өз мақсаттарыңа емін-еркін жетуіңе мүмкіндіктер бар. Оларды жіберіп алмауға тырыс.
В) Сенің таңдауың – автобус. Сен өз туғандарың мен достарыңды жоғары бағалайсың. Басқаларға көмектесу арқылы, өзіңе қызмет етесің, яғни армандаған мақсатыңа жетуіңе жақындатады. Бірақ жақындарыңның сенің таңдаған қозғалыс бағытыңды өзгертуіңе және сенің назарыңды басқаға аударуыңа жол берме. Егер сен өз жоспарларыңа басқалардың араласуына мүмкіндік бермесең , тек осы жағдайда ғана – сенің мүмкіндіктерің мол болады.
Г) Сенің таңдауың – поезд. Айналада адамдар көп, бірақ сен өз өміріңдегі олардың маңызы мен пікірін толығымен жоққа шығарасың. Өз-өзіңізден тұйықталу болмайды, жаң-жағыңа қара және олардың ойларымен де санаса біл. Мүмкін олардың арасында алуан түрліліктің сен үшін бағалы бір ойды көрерсің, сосын сенің жеңіске деген мүмкіндіктерің өседі.
Д) сенің таңдауың – қайық. Сен тәуелсіз әрі адалсың және немқұрайлы және немқұрайлы, яғни айналаңда не болып жатқанына селқос қарайсың. Сезімді ақылға жеңдіре білу, яғни рационализм және дұрыс ойлаушылық, - міне, осылар сенің ұстанымың. Сен үшін болжамды ұсақ-түйектен бас тарту оңай емес. Сен стратегиялық жоспар құрасың және үнемі өзгеретін жағдайларға көңіл аудармастан оны анық-дәл қадағалайсың. Мүмкін бұл дұрыс емес шығар? Шешімнің әр түрлі нұсқаларын қарауға және байқауға тырыс. Бұл сенің мүмкіндіктеріңе міндетті түрде жеткізеді.
Е) Сенің таңдауың – ұшақ. Сен өз мақсаттарыңа таңқаларлықтай тез жетуді қалайсың және үнемі нақты әрекетпен осыған жетуді армандайсың. сенің қиялың бұл жағдайда – сенің жауың. Сен аспанға ұшасың бірақ арманыңның орындалуынан қорқасың. Жеңіске деген мүмкіндігің аз. Жерге түс, қара және еш қауіпсіз іске кіріс.
Дайындаған: Әйгерім Жаналықызы