Жапондық психологиялық тест

Қызыл – сен кездейсоқ, бірбеткей, тіке адамсың. Сенің кейпіңде жол ортасында тоқтап қалу жоқ. Кейде адамдармен байланыста, оларға деген тура және нақты өзіңді көрсету арқылы шектен шығып кетесің. Біреулерге сен сүйкімді, дос-жанды, ал енді біреулерге – қатал, турашыл болып көрінесің. Алайда достарың сені бірбеткейлігің үшін, яғни қандай болсаң сол күйіңде сені құрмейттейді.

 

Көк – сен қайырымды және жұмсақ адамсың. Қиялшылсың, арманыңды құптап, үнемі ағыммен жүресің. Шұғыл жағдай сізді шошытады. Арманыңның шегі – тыныштық, үйлесім және жақындарыңа деген махаббат. Өзіңнің ойларың мен қайғыларың сені айналаңдағыларға қарағанда көп ойландырады.

 

Қоңыр – сен салмақты және еңбекққор адамсың. Құрылған ережелерді бұзғанды ұнатпайсың, әрқашан өз-өзіңе жауап бере аласың. Мұндайлар туралы: «ол – әділ және ұқыпты адам» деп айтады. Мүмкін, саған иілгіштіктің жоқтығы, дүниеге көзқарастың тереңдігі және қиялдың белгілі бір бөлігінің жоқтығы кедергі келтіреді.

 

Жасыл – сен шығармашылық тұлғасың. Ерекше заттар, таңқаларлық оқиғалар сенің назарыңды аудартады. Айналадағы адамдар сенің суретшілігіңді, қызығушылығыңды, дүниеге көзқарасыңның тереңдігіне және жақсы тағамыңа қызығады.

 

Сұр – қайырымға сенім және айналадағылардың ойларына тазалық – міне, бұл сенің ерекше тұлға екеніңді көрсетеді. Бұл сенің өз-өзіңе сенімділігің. Кейде сен өз көңіл-күйіңе қарай жағдайды өзгерткенді ұнатасың. Сенің көп сөйлемейтінің, басқалардың сені жоғары бағалайды деп түсінуіне әкеледі.

 

Қара – немқұрайлылық бет пердесі сенің бетіңе киіліп тұр. Сен бұны басқалар әлсіздік деп түсініп қалар деген оймен,  бәрінен өз эмоцияңды жасырғың келеді. Кейде сен әзілдейсің де, күлесің, сол сәтте сені ешкім қандай сезімде отырғаныңды байқамайды. Жабықтық пен ұстамдылық – міне, осы сенің негізгі ұстанымың. 

 

 

Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы



Бөлісу: