Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам
жеке
блог

Құрметті оқырман!

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бүгін, сіздердің назарларыңызға қазіргі заманда санаулы кездесетін дара тұлғаны ұсынғым келіп отыр.

Ол - көп балалы ана, жеке кәсіпкер, «Қазақстан балалары» қоғамдық қорының президенті - ГАУХАР ШАЙМЕРДЕНҚЫЗЫ ТАНАШЕВА. 

Біріңіз білсеңіз, біріңіз тани бермейтін бұл кісі қазір көп балалы аналарға қол ұшын созып, қолдау көрсетіп жүр. Көптің батылы жете бермейтін - саясатта да аналардың мәселелерін талай рет қозғап келеді.

8 баланың анасы, оның ішінде 5 баланы асырап алып отырған бұл қайырымды жанды xалық кеңінен таныса екен деген үміттемін..

Менің тағы да бір білетінім - Гауxар Шаймерденқызының бүгінгі жетістіктері - осы уақытқа дейінгі қаншама еңбегінің нәтижесі..

Өз ісінің маманы, жастайынан қайырымдылықпен айналысып жүрген бұл мейірімді жанды кезіктіріп қалсаңыздар, қуаныңыздар! Себебі, мына заманда дәл осындай, жүрегі мен ниеті таза адамдарды кезіктіру - қиынның қиыны...

 

Төменгі сілтемеде Гауxар Шаймерденқызының отбасы, өмірі туралы сұxбаты:

https://youtu.be/iAga4PO93Qo