“Жанымның құны 0 тиын”

“Жанымның құны 0 тиын”
жеке
блог

 

Салем достар.

Көптен жазбадым. Я қазір “жаным” деген сөздің құны 0 тиын.

Соңғы кездерде “сәлем жаным, қалайсың жаным” деген сөздерді өте көп естиміз. Олай болса жалпы “Жаным”- деген сөздің мағынасына тоқталсақ. Жаным деген сөз ол- “мен сені немесе сізді сыйлаймын, мен сізге сенемін, сіз маған керексіз”- деген, сөздердің қысқартылған кейпі.

Таң ертең ұйқыдан тұрып, сағатқа қарайын деп ұялы телефоныңызға қарағанда “Қайырлы таң Жаным”- деген смс көрген кезіңіз болған шығар. Оны жіберген екі күн бұрын танысқан адам. Я ол кезде қуанатындар да бар, көңіл күйі түсетіндер де жоқ емес.

Негізінде ойлану керек. Біз қазақ керім сөздің кейпін көнерттік, мағынасын жоғалттық. Сіз құрбыңызға, жігітіңізге, қызыңызға күнде айтатын қарапайым сөз. Өзіңізде күнде естисіз. Дәл осы сөзді анаңызға қаншалықты көп қолданасыз?! Сізді сыйлайтын, сізге сенетін, сізді керексінетін ол әрине Ана жүрегі. Я ол сізге жаным деп айтады. Ал сіз ше??

Мен түсінбеймін таныйтынына екі ақ күн болған адам сізді қаншалықты сыйлайды? Сізге қаншалықты сенеді? Сіз оған не себепті керексіз?? Дәл сондай смс ті көріп, “Салем, рақмет”- деп жауап қайтаратындар бар, дәл сондай смс ті көріп “Eнді маған жазбашы”- деп өтінетіндер бар.

“Сәлем рақмет”- деп жауап қатқандар, монолог “мен оған ұнаппын, мен әдемімін, менде тағы бір (поклонник)” пайда болды жымия.

“Енді маған жазбашы”- дегендер, монолог “Мен алтын уақытымды өзін сыйламайтын адаммен өткіздім...  мен соншалықты арзан көрінем бe?” өкініш.

Біз мұсылманбыз Раббымызға сенеміз, Раббымызды сыйлаймыз.

-         Я Раббым сіз маған керексіз, мен сізді сыйлаймын- деген сөздерді айтасыз. Алайда “Жаным”- деген сөзді айтуға дәтіңіз шыдайма?? Өйткені, Аллахқа құнсыз сөз айтпаймыз!!!

Арзан сөз айтпаймын

Жаным, Қазақ жастары ертеңгі еліміздің ерлері біз...