Шынымен "жаным" деген сөзден жалықтым. Кейінгі кездері осы бір сөзді барлық жерге қолданатын болыппыз. Орынды-орынсыз. Жігіт қызға "жаным", қыз жігітке "жаным", әпкеге де "жаным", сіңіліге де "жаным", досқа да "жаным", құрбыға да "жаным". Ол аздай жақын адам болсын, дос-құрбы болсын, жәй таныс болсын, араласатын адам болсын әйтеуір "жаным" деген сөзді қаратпа сөзге айналдырып алғандаймыз. Әңгіме бастағанда да "жан, былай ғой...", "жан, қалайсың?" деп бастаймыз. Жап-жақсы жылы сөздің қадірін кетіріп жатқан жоқпыз ба осы? Осы сөз жалықтырды-ау деп жүргенімде қайбір кездері сіңілім бір сериал көре бастапты.
Ол да "Жаным" деп аталады. Оған да біраз болды. Мейлі дедім :) .
Ал кеше құрбыма бір шаруамен телефон соқсам, қайтарып тастап өзі звондап тұр. Әй, өзім де звондайтын едім ғой десем, қоя берші, сенің бірлігің кетпесін, меніңкі тариф қой. Ещё тариф болғандай қандай тариф десиш, күшті, "жаным" деген тариф деп тұр :)
"Жаным" деген жәй сөз боп барады ма, қалай өзі?!