Жаным, темекің бар ма? Бере қойшы=))

Жаным, темекің бар ма? Бере қойшы=))
жеке
блог

Қозғағалы отырған тақырыбым стандартты боп көрінетін шығар. Бірақ, айтпасқа амал жоқ. Көргенім, жағамды ұстағаным ойымды әлі тұр. Оншалық сорақы нәрсе емес, әрине. Бірақ, жағымды да дүние емес қой...

Әр жерде темекі шегуге арналған арнайы орындар болады екен. (бұған дейін ауылдааа,арнайы орынсыз-ақ, қалаған жерде темекіні тұтатып жүргенді көрген маған бұл ньюанс болды). Дұрыыс! Кез-келген жерде темекіні бұрқырату мәдениетсіздік. Келісемін. Енді мені толғандырған дүние мынау - әйел адамның темекіге құмарлығы. Кктем айында Алматыға форумға келгенде мектепгі апайыммен біпге келгенбіз. Сол кезде темекі шегетіннің екіден бірі әйел адам екенін көргенде қатты таң қалып ек. Ер адамға зиян, зиян деп құлақ етін жей берсең де, пайда тимейтің секілді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған нәзік жандылардың өзі денсаулықтарына бей-жай қарағанда, ер адамдарға айтар уәж де қалмайтын секілді.

Көшеде өтіп бара жатырғам. Алдымнан қос ғашық шықты. Қол ұстасқан. Аялдамаға келді. Автобус келіп болмаған болуы керек. Ері қалтасына қолын салды, темекісі бітіп қапыт. Сол-ақ екен, әйеліне не қызына (анығын біле алмадым, сақинасы көрінбеді) қарап: Жаным, темекің бар ма менде таусылып қапты - демесі бар ма? \тұрған жерде аузым ашылды да қалды. Не масқара дедім. Жігіт ағасын бөлек қойып, қыз баласынан, соның ішінде өз сүйгенінен темекі сұрау - әбестік емес пе? Темекі шеккіштер отбасы номинациясы болушы ма еді? Мүмкін. соған қатысқылары кеп жүрген жанұя ма екен? ... 

Болашақ АНА, сені түтінге құмар қылып, қай шайтан түртті? Деніңнің саулығы, ұрпағыңның амандығы сені ойландырмай ма? Таң қаламын сендерге. Айтарым да жоқ. Ренжи алмаймын. Ол - сенің таңдауың. Әйтсе де, болмайды ғой олай. Темекі қорабының сыртындағы суреттер де, сөздер де әсер етпейтін болыпты қазір. Мен осыған қынжыламын. Сәби өмірін ойламайтын қатыгездік қай қанына берілген екен? 

"Ислам және өркениет" газетінде жарияланған дайджесті оқығам өткенде. Латвия депутаттары баланың көзінше темекі шегу - балаларғазұлымдық көрсетумен тең деп баға беріп, арнайы заңға енгізген екен. Жалпы, бұл ел темекіге қатысты жақсы басталармен көзге түсіп жүрген көрінеді. Мәселен, осы жылы ақпанда қоғамдық орындарда темекі шегуге қатаң тыйым салған. ал, тәуелсіз депутат Янис Упениекс болса, аяғы ауыр әйелдердің қасында темекі тартқандарға жаза қолдану кере деп отыр. Мінеки, жалпы алғанда елдерде жағдай осылай боп жатыр. Мүмкін, бізге де осындай заң жобалары керек шығар?

Менің жақсы бір танысым темекі шегеді. Қойып та көрген. 2-3 айға ғана шыдады. Түсінеді зиян екенін. Бірақ, ол - шығармашылық адамы. Темекі шекпесе, қолына қалам ала алмайды екен. Өзіндік бір рақаты бар дейді. Мұндай да парадокстар кезігеді. Сонда темекі шеккен әр адам ақын-жазушы болса, еліміз көп ұзамай рекордтар кітабына енетін секілді ғой))

Ал, сіз ше? Темекі шегесіз бе?