Жаным ана!

Жаным ана жүрсіңбе екен күрсінбей,

Бар уайымның көк тұманы сілкінгей.

Анда-санда ұлыңды ойлап жүрсің ау,

Сағыныштың айғыздары сүртілмей.

Жаным ана! Жүгермегің аман жүр,

Уайымдама шығады одан табанды ұл.

Соңғы кезде саңға бөлеп санамды,

Ойлар келіп мазалайды ойлар бір.

Білесізбе, түсінерсіз жарайма?

Қателік деп қарамаңыз қалайда.

Шырқауға әлім келмеседе Пушкин боп,

Сонда да анам ұқсап жүрмін Абайға.

Шабыт бағын кезіп ылғи елік жыр,

Біздерге ортақ несібені теріп жүр.

Елден безіп шалғай жаққа аттанып,

Есенинге ұқсап кеткім келіп жүр.

Соларға ұқсап татсам сосын мұңды да,

Шимайларым айналса екен құндыға.

Соларға ұқсап бағындырсам биікті,

Қу тірлікке қоймас едім қынжыла.

Жаным ана! Жүрсіңбе екен шаршамай?

Ал меніңде хәл-жағдайым дәл солай...

Үлкен ақын боламын деп мен жүрмін,

Сіз мені әлі көресіз-ау қаршадай.

Жаным ана! Арманымды білесізбе мұндай сіз,

Мұндай бақыт болар сірә ыңғайсыз.

Әле ақ, ертең өзің туған ұлыңның,

Жазған жырын ел аузынан тыңдайсыз.

Жаным ана!



Бөлісу: