Жаңылтпаштар маған керек пе?

Жаңылтпаштар маған керек пе?
жеке
блог

Жаңылтпашқазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.

Ұстаздарымыздан, аға-әпкелерімізден жаңылтпаштар оқы деп жиі айтады ма? Жаңылпаштарды не үшін оқып жаттауым керек деген сұрақ туындайды ғой? Қазір мән-жайды түсіндіремін. Жаңылтпаштар негізінен сіздің тіліңізді жаттықтырып, анық әрі нақты сөйлеу үшін қызмет етеді. Бір күнде белгілі бір уақытты таңдап, жаңылтпаштар оқыңыз, жаттап алыңыз. Бір жаңылтпашты айнаның алдында отырып кемінде 15-20 реттен қайталаңыз. Жағыңыздың талғанына қарамастан оны жаппай қайта-қайта оқи беріңіз. Ауызбен диафрагмаға дем алу қажет. Бұған бір күнде бар болғаны 1 сағат арнасаңыз жетеді.

Төменде бірнеше жаңылтпашты қалдырдым, сілтемесі және бар.

Алға!!!

 

Доп деп,

Дөп теп.

 

Электр шамы жанады,

Этаждар жымың қағады.

Электр жарық бермесе,

Экран сөніп қалады.

 

Алашаларды

Таба алса, алар.

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

 

Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қатты.

 

Пышағы кесті, жайышты,

Шанышқысы шанышты.

 

Даланы қар жабар,

Қарға балалар аққала қалар.

 

Хан баласы ханзада

Болды ғашық ханшаға.

Алып ханнан хабар,

Ханшайымды табар.

 

Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.

 

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

 

Дөң жатыр,

Дөнде тон-тоң көн, жатыр

 

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.

 

Ескекті ескекші еседі,

Ескекші ескекті еседі.

 

Әбдіреде әбігер әтеш отыр.

Әбігер әтеш отырған

Әбдірені әжем ашып жатыр.

 

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.

 

Жаға жай,

Жағажайда – Қамажай.

 

Инелік илеуде иленбейді.

Итбалық итмұрынды иіскемейді.

 

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.

 

Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,

Тазша бала тұщы сумен -*аузын шайды.

 

Съезд, разъезд, подъезд.

Подъезд, съезд, разъезд.

Жаттап ал тез.



Толығырақ: http://alashainasy.kz/okushy_portfolio/janyiltpashtar-60735/