Жаңылмайтын жақ жоқ

Жаңылмайтын жақ жоқ
жеке
блог

"Сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген жазбамның желісімен "Жаңылмайтын жақ жоқ" деп кезекті жазбама көштім.

"Тоқсан тоғыз пәле тілден келеді" деген хадисті білмейтін жан жоқ шығар. "Күлдіреміз" деп бүлдіріп, "артық қыламыз" деп тыртық қылатын кездеріміз аз емес. Пенде болғандықтан кейде ғайбат, өсек, өтірікке де жол беріп қоямыз. Бірақ, мұның барлығын жорта, өзгеге жамандық қылу мақсатпен жасамайсың ғой. Жаңылған сәттеріміз әрқайсысымыздың есімізде болар. Сабақ айтқанда, біреуге хабар жібергенде, сөз сөйлегенде тсс.

Телевизия саласында жүргендіктен күнделікті өмірде кадр сыртында мәтін оқу, бағдарлама жүргізу, сұхбат алу кезінде небір жаңылатын, қате айтатын сәттерді көріп жүрміз. Кейде бір сөздің кесірінен бір емес, бірнеше мәрте дубляж жасап, қайта-қайта айтуға тура келеді. Мұның барлығы, әрине, жазу үстінде болса игі. Кейде тікелей эфирде де небір сөздерді дұрыс айтпай, бүкіл жұртшылық алдында ұятты болып қаласың. 

Назарларыңызға сондай небір қызықты жағдайларды ұсынамын))))

Күндеріңіз қызықтарға толып, сәтті өтсін!