Жаны сұлу бола ма қарағайдың?

Жаны сұлу бола ма қарағайдың?
жеке
блог

Бәрі болмас тірлікте сұрағанның

Ал,жарайды,мен саған ұнамадым,

Сыртың қанша әдемі болғанымен

Жұтаңдау ма жан дүниең,сірә,жаным!

 

Басымызға не салмайды мұнар күн,

Мендегіні шетке ысырып шығардың.

Көнді жүрек,амал бар ма көнбеуге,

Менде солай басқа жанға ұнармын.

 

Қалды ашылып құпиясы сан айдың,

Жүректерін қан жылаттың талайдың.

Болмысыңнан сұлу шығар деп едім,

Ісің нашар мінезіңмен қарайдың.

 

Ол мінезің артық болды бойыңа,

Тәкаппарсың!Сен осыны мойында!

өзгелерді түсініудің өзі де ,

Үлгі екенін алмадың ба ойыңа?

 

Ерекше деп ойлап едім басқадан,

Шығып жатыр енді сенің масқараң.

Сыртың ұнап қалды ұнамый мінезің,

Мен сүйген жан,қателестім,басқа жан.

 

Күнім күліп бір күні туады айым,

Ал,жарайды,мен саған ұнамайын,

Қара таудың сіңірген қасиетін,

Қарлы аязға қасқайған қарағаймын.

Сыртым қара екен деп көзге ілмейсің,

 Жаны сұлу  болады қарағайдың!