Жанталас
блог
Күту.
Жаныңды салып асыға күтесің... Иа, дәл қазір қуанышта, қорқынышта тез болып кетсе екен деп іштей тілеп отырасың. Жоқ, өмір деген қырсық қой иа... Болмай қалады, Алла тағы да шыдамыңды бір тексеріп алғысы келгендей ары қарай тағы да сынай түседі, соза түседі...
Кейде күткен кезде, бар күнің тек сол күн болғанда бітетіндей әсер де боласың. Мақсаттарың да, армандарың да дәл сол күні орындалып, бітетіндей... Уақыт бірақ сынағанды ұнатады...
Кешірім.
Кешірім деген оңай ғой, бір ғана сөз... Бірақ, қаншалықты ауыр... Тіпті кейде сен кінәлі санап жүрген адамдар, сені кінәлі санап жүреді... Ал енді түсініп көр... Сөйлес. Адамдармен ашық сөйлес, ішіңде не ойлайтыныңды ашып айт, сонда кешірім болады. Адам өлімді де кешіре алады. Ішіңе сақтап қайтесің, кешірмегенде қайтесің ішіңді жеп қоймауы үшін. Кешіресің, алысасың бәрібір уақыт бәрін ұмыттырады...
Көрсете біл.
Қасыңдағы адамдарға өзіңде болып жатқан әрекеттерді, ойларыңды бәрін көрсете біл. Олар сенің мінезіңнің расымен қандай екенін білсін. Сезімді де, ашуды да, ренішті де, қуанышты да көрсете біл...
Үміт.
Үміттен. Бәрін үміт жеңеді. Үміттің бәрін қуанышпен байланыстыр, сонда бақыт келеді... Мен үміттімін...
Мен сенімен біргемін, үмітім алдамайды. Біз жеңеміз, мен соған сенемін!