Жансая,алға! (байқауға қолдау)

   Мен "Томирис" тобының мүшесі Жансаяға қолдау ретінде осы блогты жазудамын. Негізі ол менің әпкем. Ол "Томирис" тобына соңғы болып қосылғандардың бірі, оның қабылдандың деген сөзді естігендегі қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен әпкемнің бұл байқауға қатысқанына өте қуаныштымын. Әпкем бала кезінен әдеби кітаптарды өте қатты жақсы көретін және маған сөздік қорымды кеңейту керек екенімді айтып отыратын. Расы керек мен онша кітапқа қызыға бермейтінмін, алайда ол менің кітапқа деген қызығушылығымды арттырды.Сол үшін оған алғысым шексіз.

   Жанcая әпкеме алда тек сәттіліктер тілеймін. Және тобының жеңіске жетуіне тілектеспін!



Бөлісу: