Жəннəтта сұлулықтары бір-бірінен асатын хор қыздары бар. Олардың əдемілігі соншалық, олардың біреуінің бір тал шашы жерге түсер болса, əлемде ол шашқа таласып үлкен соғыс басталар еді. Жəннəтта еркекті 40 хор қызы күтіп алады. Бірінші хор қызы оған қарап: "Жүр, біз сені əйеліңе алып барамыз" дейді. Бұрын-соңды бұндай сұлулықты көрмеген жігіт: "Жоқ, керек емес. Мен бұрын сендей əдемі ешкімді көрген емеспін. Əйеліммен дүние өмірін бірге сүрдім. Менің сенімен қалғым келеді!". Хор қызы оны екінші хор қызына жетектеп алып барады. Ол біріншісіненде əдемі болып шығады, нəтижесінде əлгі жігіт онымен қалғысы келеді. Бірақ оны хор қызы өзіненде əдемірек болған үшіншісіне алып барады. Сосын хор қыздарының сұлулықтарына ес-түссіз ғашық болған əлгі байғұс жігітті қырқыншы хор қызы жетектеп алып: "Міне, сенің əйелің" дейді. Еркектің алдында жап-жас, сұлулығы əлгі 40 хор қыздарынан əлдеқайда асып түсетін əйел тұрады. Оның бет-жүзі, бүкіл денесі НҰРЛАНЫП ТҰРАДЫ! Мұндай сұлулықтан еркектің тілі сөйлеуге келмей, əрең тіл қатады: "Жоқ, бұл менің əйелім емес. Мына жап-жас сұлу қыз менің əйеліме мүлде ұқсамайды!". Сосын хор қыздары оған қарап: "Жақсылап қара. Алла оны əурет жерлерін ОЛ ТИЫМ САЛҒАН жерлерін ОРАП жүргендігі үшін марапаттады. Оның күйеуі - жалғыз сен ғана оның сұлулығымен рақаттану құқығына ие болғаның үшін АЛЛАһ əйеліңнің сырт келбетін қайта жаратты."