Жанкүйерлік ету - ол да бір өнер

Жанкүйерлік ету - ол да бір өнер
жеке
блог

Нағыз жанкүйер болуды түбіміз бір түрік елінен үйренуіміз артық етпейтін  секілді. Қандай жағдай болмасын жанкүйерлік етуден тайынбайтын, өз командаларын соңына дейін қорғап, қолдайтын жанкүйерлерді  түрік елінен көрдім. 90 минут бойы ән шырқап,  командаң ұтса да ұтылса да үздіксіз айқайлап, жанкүйер болу қиынның қиыны. Бірақ  бұрын қатты сенбеуші едім осыншама қолдап, жанкүйерлік көрсетеді дегенде. Өз көзіңмен көргенде амалсыз ауызыңды ашып, таң қалмасқа шараң қалмайды. Бұған мен кешегі Галатасарай – Челси ойынында көзім жетті. Өзім тұрып жатқан Анкарадағы жатақханадағы адамдардың жанкүйерлік етуі ол біздің Қазақстандағы стадиондағы айқаймен пара–пар. Барлығы шынайы, бір теледидардың алдында Галатасарай футболкасын киіп алған тола адам. Айқай- шуын есітіп, өзіңді бір ойын алаңында жүргендей сезінесін. Таң қаласың. Қатып қалған намыс. Осылай жанкүйерлік ету біздің де қолымыздан келіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.