Жанкүйер мен фанат деген кім?

Жанкүйер мен фанат деген кім?
жеке
блог

Футболдағы бұзақылық туралы нақты заңды анықтама жоқ. Бұл термин 1960-жылдардың орта шегінде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарғаны. Негізінен футболдағы бұзақылық дегеніміз – футбол сүйер қауымның бірін-бірі келемеждеу немесе қос команданың фанаттарының арасындағы тәртіпсіздікті айтады. Қазіргі кезде миллиондаған адамдар тамашалайтын ойын түрінде екі түрлі тәртіпсіздік бар. Олар:

а) аяқ-астынан басталатын тәртіпсіздік (мұндай жағдай бұрнағы күні Ағылшын Премьер Лигасында жиі кездеседі)

б) алдын-ала ұйымдастырылған, қос клуб жанкүйер бандыларының жасаған қақтығыстары, төбелестері.

Футболдағы бірінші қақтығыс қашан болды?

Футбодағы қақтығыстардың басы негізінен 1960-жылдан бастап, шарықтау шегі 1970-жылдың ортасы мен 1980-жылдарға ұласады. Дегенмен топтасқан екі команданың жанкүйерлерінің қақтығысы XIX ғасырда Дерби қаласында тіркелген. Сол ғасырдағы қақтығыстар жөнінде нақты мәліметтер болмағандықтан біз мұндай келеңсіз жәйттардың қаншалықты болғандығын айта алмайымз. Дей тұрған мен де,  сол кездің өзінде-ақ қақтығыстар аз болмағаны мәлім. Соңғы кездері қос клуб арасындағы қақтығыстар арасындағы кикілжіңдер ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында көп тіркелген деген мәліметтер бар. Ең көп тәртіпсіздік тіркелген елдердің көшін Англия, Швеция бастаған.

БАҚ: бұзақылар жайлы


Бұқаралық ақпарат құралдар арасында бұзақылар жайлы хабар тарату маңызды орынға ие. Өйткені, тілшілер мәлімет тарата отырып қарапайым халықтың бұзақылар жөнінде қоғамдық ой қалыптастырады деп сенген. Сонымен қатар Ұлыбританияда мұндай ақпарат тарату арқылы кішігірім сенсация жасап газет, журналдардың өтімділігін арттырамыз деген ойлары да болған.  Мұндай стильде футболдың отаны саналатын ағылшын елінде бірнеше көлемді мақалалар да жарық көрген. Десе де тілшілердің бұзақыларды тоқтату үшін атқарған қызметтері де болды. Мысалы, ХХ ғасырда Шотландия мен Дания елдерінде тілшілердің арқасында бірнеше бұзақылар тобы құрықталып, мұндай әрекеттер біршама тыйылған.

Қазіргі таңда бұзақылардың әрекеттері қандай?


Бүгінгі кезде футболда қақтығыстар шамалы болса да азайған. Бұған себеп, стадиондағы тәртіп сақшылары көбейді, барлық жерлерде жасырын бейне камералар орнатылған. Сонымен қатар тәртіпсіздік көрсеткендер әкімшілік жазалауға тартылады. Міне осылар арқылы футбол тамашалауға келген жанкүйер өзін артық қылықтарға апарудан аулақ. Бірақ, бұзақыларды мүлде жоқ деп айтуға да келмейді. Олар енді тәртіп сақшылары жоқ жерлерде, сыраханаларда, кафелерде, керек десеңіз қонақ үйлерде бас бұзарлық әрекет етуге шыққан. Жоғары да айтқанымыздай тәртіп бұзушылықтың екі түрі бар. Солардың бірі, аяқ астынан шығатын тәртіпсіздік. Бұл жағдай бүгінде стадион ішінде немесе маңында жиі болатын жәйт. Мұндай жағдайға ағылшын жанкүйерлері жиі тап болады. Әсіресе, олардың командасы шет ел асып ойнаған кезде қызу-қанды фан-клубы да еріп баратыны бар. Осындай кездерде ағылшындың жанкүйерлер бірнеше мәрте жауапқа тартылған сәттері болған.

Жанкүйер

Жанкүйер – бұл тек өзінің сүйікті командасын қолпаштайтын және де  клубының өз алаңында (тек өз алаңында) өткізетін бірде-бір ойынын өткізбейтін адамды атайды. Сонымен қатар жанкүйерді театр көруге келген көрермен деп те айтуға болады. Бірақ, театрдағы көрерменнен футбол көрермені біршама қызуқанды келеді. Жалпы футбол ойынын да жанкүйерқауым үшін ойнайтыны белгілі. Көрермен болмаса, аяқтоптың да сәні кетері анық. Жанкүйердің ойын барысындағы негізгі қызметі қарсылас команданы жамандап, мазақтап, келеке қылу.  Керек десеңіз нағыз жанкүйер қарсыластарын боқтап жіберуден де таянбайды. Кейде алаңдағы төрешілерді де боқтап-борандап жіберетіні бар. Шынайы жанкүйер үшін футбол матчында «Г о-о-о-о-о-о-о-ол» деген сөзден артық сөз жоқ шығар!

Фанат


Фанатизм мен фанат екеуі екі бөлек ұғым. Көп адамдар фанаттарды матч соңында, ойынның нәтижесіне қарамай төбелес шығараратын бұзақылармен теңейді. Иә, шыны керек фанаттардың арасында мұндай бұзақылардың бар екені де жасырын емес. Сырттай қарап отырып адамдар фанаттарды ешқашан түсінбейді. Фанат болған адам үшін футбол – бүкіл әлем секілді. Оның туған командасы өз бауырларынан да артық. Сөзім дәлелді бол үшін Түркия елін мысалға алайын. Бұл елдің фанаттарына Кәрі құрлықтың тіпті бүкіл әлем футболындағы фанаттар жете алмас. Олар жанұяларымен фанаттар десе де артықтық емес. Тіпті үйлерінің ішін командасының жейдесімен сәйкестендіріп сырлап, жатар төсегінің де түсін сол түсті етіп алған. Керек десеңіз ол жақта ерлер қалыңдық таңдар алдында, болашақ жарынан:  «Қай команданың жанкүйерісің?»,- деп сұрап алады екен.

Негізінен фанаттар ойынның бүткіл 90 минут бойы аяқтарынан тік тұрып, түрлі әуендер айтып тұрады. Оларға өз сүйікті командаларының ұтылысын көру өте қиын. Көбінісі бұл жағдайды көтере алмай қалу да ғажап емес. Командасы жеңілсе кейбіреулерінің жүрегі тоқтап қалуы мүмкін, ал біреулері өз-өзіне (суицид) қол жұмсауы мүмкін.

Ең мықты фанат – бұл өз-өзінің психикасына иелік ете алатын адам. Қандай қиын-қыстау сәттер болсын оны сабырлықпен қабылдағандар нағыз фанаттар.