Бұрын, бұрын болғанда, енді, нөлдік жылдардың басында, менің 15-16 жасар кезімізде Қазақстанның қазіргі шоу-бизнесінің бастапқы көріністері пайда бола бастаған еді. Ол кезде Қазақконцерт арқылы ақша табу емес, ән өнерін бизнес екенін қазекемдер жаңа түсінген шақ болса керек, эстрадада бірінен соң бірі «дауыссыз әншілер» пайда бола бастады. Ол кезде енді біз жаспыз, кім жақсы өлең айтады, айтпайды, өлеңі қандай, тексті қандай, онда шаруаң жоқ. Ең бастысы шыққан «жұлдызсымақтарды» «красавчик» деп теледидардағы бейнеклиптеріне телміріп отырғаның. Дәл сол уақыттары Дильназ Ахмадиева, Рахат Тұрлыханов, «Бублики», «All Давай» деген топтардың шарықтап тұрған кездері болатын.
Өкініштеріңізге орай болар, дәл соңғы топтың үлкен фанаты мен болатынмын. )) Ең басқы кезде олар клип ретінде
«Ты только не забудь мне написать
Ты только не забудь любить и ждать
Пусть будут между нами города
Расстались мы с тобой не навсегда.
Часы считаю, дни, на сердце грусть
но кончатся они и я вернусь
морозы сменят летние дожди
и будем вместе мы, ты лишь дождись» деген әнді ұсынған болатын. Осы өлеңнің бастапқы ноталарын ести бастасам болды, теледидарға жүгіріп баратынмын. Құрбым екеуміз олардың постерларын жинап, ең алғашқы ән жинағын қалай күттік десеңізші. Жақын жердегі дүкенге ара-тұра барамыз, «All давайдың кассетасы түсті ма?», «Жоқ, түскен жоқ» деп бізді бірнеше рет қайтарып жібереді. Сөйтіп, қайтесіз, әйтеуір сол кассетаға қолымыз жетті ғой.
Оған шейін олардың әні-міне клип шығады деген клиптерін күтіп, тіпті үй номерлеріне дейін біліп алған кезіміз болған… (маньяктармыз, иә? )))
Сол уақытта «Ал давай» деп бүкіл жұрт шулаған шығар. Әлбетте жасы үлкендер олардың дарынсыз әншіліктерін сынаса, жанкүйерлер болса, оларды жақтап әлек. Жақтамайтындар, керісінше олардың танымалдылығына ықпал етті ғой деймін. Тағы бір клиптерін олар тек қана сол жанкүйер қыздармен түсірмек болды. Клип сәтті шықты, қаншама қыздар келіп, қолдап. Кейін ротацияда клиптері үлкен танымалдылыққа ие болды. Бірақ біз клипына түсуге барған жоқпыз неге екені…
Кейін колледжде оқып жүргенде, бізбен бірге сол «All давайдың» фан-клубының мүшесі болатын қызбен бірге оқыдық. Осыны білгенде, біз де фан-клубқа жазыламыз деп үйге келгеніміз бар еді. Мамам маған ұрысып, «Қайдағы фан-клуб? Сабағыңды оқы!» деген еді… )) Сөйтіп, фанклуб жайына қалды. Ал бірақ сол қыз арқылы топ мүшелерінің бірнеше суреттерін алып, бір қарық болып қалған едік.
Қай бір кезде, «Ал Давай» бір жиында ән айтады екен, кіру тегін деген соң, сол концертке бармаймыз ба. Барсақ, қақпаның есігі жабық. Сөйтіп, ертерек кірейік деп, қақпаға жақын тұрдық. Адамдар болса, әлі жиналуда, бәрі қақпаға қарай беттеп жатыр. Бір кездері сол қақпаға қарай итермесі бар ма, қақпа болса ашылмайды. Итергеннен, сол сәтте өлетін шығармын деп ойлаған едім… )))) Арт жағынан күзетшілер келіп, сабырға шақырып жатыр, ауа жетіспейді, мен аспанға қарап, демалуға тырысамын. Бір қолыммен құрбымның қолын мықтап ұстап алғанмын, ол мені мықтап ұстап алған. Өлуге шақ қалған тұста, әйтеуір мыж-мыж болып кірдік қой концертке… Содан кейін үлкен жиын болып тұратын жерге жақындамайтын болдым.))
Олардың ең бірінші жеке концерттеріне билет алып, адам құсап бардық. Бірақ шыны керек отырған жоқпыз. Ол жерде ешкім отырған жоқ. Бәрі биледі, ән айтты, жалпы концерт өте керемет өткен еді.
Әрқайсымыз топтағы балаларды бөліп алатынбыз. Маған ана ұйғыр бала ұнайтын еді Шухрат деген. Ал құрбыма – Данияр, тағы біреуіне – Тимур деген, біреуіне – Эдик. Солардың лақап аттары да болатын. Қазір ұмытып та қалыппын )
Кейіннен өсе келе, қызығушылық ақырындап азайып кетті. Топтың өзі де аздап құлдырай бастады, бірінен кейін бірі кетіп, ақыры қазір тіптен басқа құраммен ән айтады ғой деймін. Мүшелерден тек сол Шухрат қалған. Бірақ қазір сол Шухраттың ән салғанына қарасам, Сатекем айтпақшы, тазикпен ғана көруге болады… ))
Кейде сол топтың мүшелерін бір жиындарда немесе далада көріп қалған кездерім де болған. Ешқандай эмоция жоқ. Сондай қызық, қай бір кездері соларға жақындау деген бір арман сияқты болатын. Ал қазір сол атақ пен даңқтың құны түкке тұрмай қалды.
Эхх… өмір сондай қызықтарға толы, иә? ))
Мынау ескі құраммен соңғы клиптері-ау деймін. Жанкүйерлер жиналып, түсірген клиптерін таппадым.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/uHToCxywobc?version=3&hl=ru_RU","width":"480","height":"360"});