Жаңғыру

Жаңғыру
жеке
блог

Сыр жайылып, қасіретпен қаламдасқа

Жол үстінде жауынға, толған жасқа

Араласқан қайғыға күңгірт жаңбыр,

Ақын жылап  тұрмысың айтшы, қасқа?

 

Сөз шебері ең, қара сөзден тігіп өнер

Жалғандағы тіршілік заңға көнер

Сипалап маңдайыңды жылтыр кеше,

Бүгінгі күн жерге үңілдің, әттең көмер...

 

Сарнайды, жоқтау айтып құстар бұлбұл

Кешегі шаң балақты жүрген ұл бұл

Айырдың – ау  қарт өмір бұл дүниеден,

Айырған қаншаларды біздерден бұл

 

Жол тауып, жәннатыма жет, жаңғырып!

Ақын кетті ортадан,  жаны тұрып

Алаш ұран қылғайсың шимайларын

Көкіректі жастарға таңды ұрып...     ©Фазыл Жандос