ЖАҢБЫРЛЫ ЕЛЕС

Жаңбыр жауған әлі есімде сол бір түн ед,

Ызғарлы жел, аспаныңда күн күркіреп 

Қолшатырсыз кезіп жүрсің көше іші

Алған жаулап жүрегіңді қара түнек

 

Біткен бәлкім жыр тұңған махаббатың,

Оған куә оқыған кеше хатың

Жаңбырменен араласып көздің жасы,

Тоқта ару өмірдің бұл әлі басы 

 

Ақырындап отырдым жаныңа кеп,

Тыйшы жасты ару қыз, ұстама кек

Күздің соңғы күні еді әлі есімде

Жаңбыр асты қалғанбыз сен сездің бе

 

Мұңынды айттың алып ұшқан жүректегі,

Соққан үн, қолдағы бар  білектегі

Кіршіксіз ой – саған деген мөлдір, тұнық

Сезім айту кетсін құрып тілекпеді

 

Маған керек тек біреу, сен болғаның,

Қалайша раушан гүлдей  кеп солғаның

Есімде бар, сезімімді білдіргенде

Сол кездері жарқ етіп тек, жоғалғаның

Күзгі жаңбыр.Рухани жұтынымын,

Бүгін міне тұтылған кез айлы түннің

Қиял неткен шексіз ең алып ұшып,

Қасиетпен шайылар кез жаңбырлы күн

 

Тылсым күш. Сен куәсің толғанайым.

Елес көрдім төңіректе ала қайың

Қолшатырсыз аралап, кезіп жүрмін

Даңғылымда түнек басқан Абайымның

 

Жаңбырлы елес.Тылсымның болғаны нақ,

Береді екен бақытсыздық, біреуге бақ

Күздің соңғы күні еді әлі есімде,

Ертен бәлкім қыс мезгілі басталар хақ

 

Жаңбырлы елес.Отырмын жалғыз өзім,

Сая бақтың ішінде іздеп төзім

Жаңбырлы түн, жек көремін мәңгі күткен,

Аққан жасты бәлкім жауын мұңмен сүрткен



Бөлісу: