Жаңбырды сүйемін деуші едің

Есіңде ме, жаздың күндері менімен оңаша отырған кездеріңде: «жазда жауған жаңбырды жаным жақсы көреді»,- деп айтушы едің ғой? Міне, бүгін сол, сен сүйетін жаңбыр жауып тұр. Аспанға қарасам сені сұрап жылап тұрғандай. Жаныңда жүретін жан қайда деп іздеп келгендей сол тамшылар, алыстан сені. Бірақ оларға қарап айтар жауабым жоқ менің. Өйткені сенің қазір қайда, не істеп жүргенің беймәлім маған. Мейлі, бәрін де қойшы. Ең бастысы өзіңді еске салар жаңбыр қалды емес пе? Күнде жаумаса да сені қатты сағынғанда ол да келеді мені жұбатып. Жаңбыр жауса қылтимадан сыртқа шығып, аспанға қараймын, жан-жағыма қарап тамсанып, армандаймын деп айтқан сөздерің де жадымда сақтаулы, бұл күнде. 

Сенің айтқан сөздеріңнен болар бәлкім мен де қазір сен сүйетін жаңбырды жанымнан артық жақсы көремін. Мүмкін бұл күнде сен сол бала күнгі жаңбырды сүймейтін де боларсың, бірақ мен оны балғын балалығымның бақытты естелігі деп мәңгі сүйіп өтемін. Неге деп сұрай қалсаң әр бір жауған тамшы сені еске салады деп жауап берер едім. Ия, мен жаңбырды сүйемін, себебі сені сүйемін...Жауған әсем тамшылардан сені сұраймын. Олармен оңашада ойға батып тілдесемін. Жаңбыр...Тағы да жаушы тағы да...

                                                                                                                                                                       Гүлжан Серік



Бөлісу: