Жаңбыр жасым
блог
Сезім дертім есігімді қағады,
Есігімді аша салып жығады.
Аспаннан тамшылаған жаңбырды
Менің жасым екенін кім, ұғады.
Мына кереметтен алшақ тұрсамда,
Кеудемдегі мұңды қатты ұрсамда.
Кеудемде соғып тұрған жүректі
Ғашық болам өз қолыммен жұлсамда.
Таңның атып, күн шыққанын көремін,
Мұңға, көңіл дертін әлсін-әлсін бөлемін.
Терезеден тамшылаған жаңбырды
Менің жасым екенін,жалғыз өзім білемін.
Бақыт құсы ұшып барад төбемнен,
Сол сұлу айықтырған көп емнен.
Мұңлы жаным, жаңбыр жасым таматын
Жанымның күні шығып көгерген.
Сығалайды бірде күн, бұлт арасынан,
Жаңбыр жасым, айығалмай қарасынан.
Жүректегі тырналған мұң дертімнің
Жер секілді жыртылған жарасынан.
Кетпеген көңілімнен қаяу мұң,
Жаным жалғыз әлсін-әлсін ояумын.
Көңілімде бақыт құстың ізі бар
Пикассодан қалған сурет бояудың.