Жаңбыр
жеке
блог
блог
Алматыда бірнеше сағаттан бері жаңбыр толастаусыз жауып тұр. Қыз кетіп бара жатыр, қолында қолшатыр. Жігіт қасына келіп:
- Дос болайықшы, - деп қолшатыр астына кірді.
- Осындай кезде тек...
Сол қыз қолында ауыр жүгі болып, көтере алмай келе жатырған болса, әлгі жігіт бұрылып қарамай да өтіп кетер еді-ау. Жарайды, өзіне салмақ түсіргісі келмейді делік. Астында көлігі болып, қыз жаңбыр астында қолшатырсыз жаяу жүрсе де, қасынан жаңбыр суын шашыратып өте шығар еді. Сол кезде тоқтап, баратын жеріне жақындатып тастаса да ештеңе өзгермейді ғой. Жігіттер неге сондай қайырымсыз болып бара жатыр ?!