Жанайқай...
блог
Сәлем, массагеттің кілең жақсылары!Өмірде де көшеден аға іздейтін әдетім бар еді(Үйдің тұңғышы болғаныма анамды кінәлауды баяғыда қойғанмын)... Массагетке келіп те тәп-тәуір ағаға байып қалдым...Қозыбай Құрбан мен Ардақ ағаның демеу, ұсынысымен тәуекелге бел байлаған жайым бар... Өлең десе ішкен асын жерге қоятындардың қатарынанмын... Десекте ақынмын деуге алысырақ... "Аузы күйген үрлеп ішер"дегендей,бір жасаған қателігімді қайталауға қорқыңқырап жүрген ем(алдын өлеңдерімді жазып, кейін ұнатпай түгел өшіріп тастап ем массагеттен). Не керек "Ат баспаймын деген жерін үш басады"... Әлі де өлең жариялап жатсам,ағат тұсын айтуларыңызды ұмытпауды сұранамын... "Сын түзелмей, мін түзелмесін" жақсы білемін...
Тарихын айтпасам да түсінікті өлең... Мені тақпақшы еткен тағдыр... Көргенімді, білгенімді, бастан өткергенімді жазғанды жөр көремін. Кешегі Сәбит Мұқановтай өзімнің "Өмір мектебімді" жазуды армандаймын... Әкесін "Ертұрманымен" ел есінде қалдырған Оңғардың Фаризасы кімнен кем?!
Айтқым келгені, әкелер аман болсыншы! Бар бала ғажайып өмірдің кейіпкері болуға лайықты, есейгеннен соң әкелерсіз де, өмір өзі сынап алады...Өмір өзі таяқтайды... Тек әр баланың есінде ең болмағанда бір шуақты сәтті қалдыра білейік! Мен де ана боламын, сіздер де... Әке боласыздар... Бұл табиғаттың заңы, Алланың теңдесіз сыйлығы... Ал ішкіш ана мен әке жолы - ұрпақтың соры... Біз де анамыз бен әкеміз жүретін жолмен жүріп келеміз, олар да біз жүрген жолдан өтетіні анық...
Жанайқай...
Тағдырымның арқан салып мойнына,
Тіріңде бір жуытпапсың қойныңа.
Қадірсіз боп өлім қуып өлмеген,
Айтып жатқан бір бейбақтық ой мына...
Өміріме құзда тұрған, мырзамын,
Менің әкем, айтпасам да, бір залым.
Ішіп алып жалынайын келгенше,
Мектебіме келмесеңіз ырзамын...
Тірі-өлісі шатасып та кетеді...
Мына дене таяқ құмар ет еді.
Ішіп алып, көксоққан деп апамды,
Көкпеңбек қып ұрмасаңыз жетеді.
Түсіп кеттім қандай ғана күйге мен?
Айтшы,сенен не тәрбие үйренем?
Ішіп алып бауырымды лақтырған
бесігімен, қалай кірем үйге мен?!
Кетсем ба екен, бәрін тастап, жоғалып,
Отыруға мұрша жоқ қой омалып...
Ішіп алып ішпеймін деп екінші,
Уәде беріп отырады ол, сол анық!
О,Тәңірім жазығым не, шарам не?!
Бұл тағдырдың жолы осындай тарам де...
Мен қартайттым, тастамастан оларды,
Айтшы, олар жасап кетті маған не?
Мақпал Төребек