Жаңашылдықпен жаңылу

Қоғамның қисынсыз өзгерістері «арман қанатымен қалықтаған» мақсат жолымен айқын басар мектеп бітіруші түлектерге ықпалымен әсер етіп жатыр. Головкиннің соққысындай болмаса да, қиындығы тілге тиек етіп айтарлықтай ауыр. Қимастықпен қоштасып, мәңгі еске алып отытар мектептегі соңғы күндерді  қиналып өткіземіз деп еш ойламаппыз. Бізді  ойлап жатқан кім бар, айтыңыздаршы?  Бізде адам баласымыз, 11 жыл бойы бас алмастан  бірнеше пәнді  толық меңгердік депте айта алмаймыз . Ойын дедік, күлкі дедік әйтеуір  жылдағы үрдіспен соңғы жылға таяу қалғанда өткенді ескерейік деп 5 пәнді ғана қолға алдық.  Оқу жылының ортасында  адам сенгісіз өзгертулер алып келген Сағадиевке де сын айтып, ренжіпте алдық. Басқа қолдан келер қайран барма. Адамды жаңылыстыру турасында жүзеге  асырылған іс секілді. Көне тестінің аздаған ізі ғана бар. Соны жағалап жүріп іздейміз, тапсақ  басымызға тәж кигізгендей қуанып, белгілейміз.Ескіліктің ерекше орын алатынын кім білген...

 Ал, «оқу сауаттылығы,математика сауаттылығы» деген  пәндерді  30 жыл жұмыс істеген мұғалім апайдың өзі қолдамай отыр. Турасын айтқанда еріккеннің  ермегі болып «тәжірибеден алғашқы болып өтушілер қатарына іліндік».  Заңнан онша хабарым болмасада өзгелер секілді  1 жыл қалғанда дайындалу құқығы бізгеде берілу керек екенін білемін. Неге , тым қиынырақ етіп жіберді. Әлде саясаттан  хабарсыз халықты осылай ақылдылықтың кемеліне жеткізіп данышпан қылғысы келдіме екен? Төңіректі торлаған тоқсан мың сұрақ бар. Шегіне жетпек түгілі , жауап берудің өзі қиын.  Қосалқы пәннің жыры ,  «қазіргі заман жырауларының жырларындай» түсініксіз. Оны қойшы  қорытынды аттестат алуды «Астанадан пәтер сатып алатындай» етіп жібергенін қарасаңшы, 105 тақырыпқа аргумент іздеп  детективте болдық. Асылы, сабырлы болуға өзімізді шақырып жүрміз,тағы бір серпілістің келмесіне кім кепіл... Осылай екі кеменің басын ұстаймыз деп суға кетпесек болғаны... Ал сіздің дәрігердің дәрмені жетпес мына  жағдайға көзқарасыңыз қалай? Қолдайсызба?



Бөлісу: